» » «Ағылшын тілі» пәнінен оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақ

 
 
 

«Ағылшын тілі» пәнінен оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақ

Автор: admin от 15-11-2023, 16:04, посмотрело: 59

0

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылыдң 15 қарашасында «СабақTime» жобасы аясында «Ағылшын тілі» пәнінен оқытудың тиімді жолдары» атты облыстық ашық сабақтар циклі өтті.
Педагогтерінің кәсіби шыңдалуына ықпал ету, оның кәсіби құзіреттілігін дамытып, шығармашылық ізденіс, жаңашыл әдіс-тәсіл арқылы заманауи білім платформаларын тиімді пайдалана отырып, педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «СабақTime» жобасы аясында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының №1 мектеп-гимназиясының педагог-зерттеуші мұғалімдері Мектепбаева Ибагул Нағашыбаевна мен Алдажарова Бахыт Дүйсебаевна Тараз қаласындағы №39 мектеп-гимназиясының оқушыларымен ашық сабақ өткізіп, оқыту үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Әріптесімізге шығармашылық табыстар мен кәсіби өрлеу
тілейміз!!!

Категория: ,

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.