№1 мектеп-гимназиясында 15.11.2023 ж.күні Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес 2"Б" cыныбының жетекшісі Құрманова Рысжан Жаксыликовна білім беру ұйымдарында «Ата-аналар мектебі» жобасы аясында «Ұқсағым келеді анама» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: әлемнің жарығын сыйлаған аналар туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
"Ұқсағым келеді анама» атты ашық тәрбие сағаты 4 кезең бойынша сайыс түрінде өткізілді.
І кезең-Таныстыру
ІІ кезең-Анаға және қызға арналған сұрақтар
ІІІ кезең-Өнер
ІV кезең-Үй жұмысы
Қонаққа аудандық ардагерлер алқасының төрайымы Қапарова Шырын Мамышаевна келді. Қапарова Шырын Мамышаевна әділ қазылар алқасы болып, "Ұқсағым келеді анама» атты ашық тәрбие сағатының соңында барлық қатысушы оқушылар мен аналарды аудандық ардагерлер алқасының алғыс хатымен марапаттады. Оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert



