20.11.2023ж күні Т.Айбергеновтің 85 жылдығына орай «Жырдың жарық жұлдызы» атты ақын өлеңдерін жатқа оқу сағаты өтті.
Мақсаты : Т.Айбергеновтің ақындық талантын жастар жүрегіне ұялату, туған халқының әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу; жырларды мәнерлеп оқу арқылы қазақ елінің ақындарының шығармашылығына қызығушылық оятып көркем әдебиет кітаптарын оқуға баулу. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуға 9-сынып оқушылары қатысты. Кешті оқу-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Д.Битенова қорытындылап, алғысын айтты.



