0
Бүгінгі күн-түлектер үшін қайталанбас, маңызды да, тебіреніске толы күн! №1мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылында 53 түлек үлкен өмірге қадам басты. Түлектеріміз өз білімі мен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің және ауданымыз бен облыс абыройын, асқақтатуға өздерінің үлесін қосып, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар, түрлі байқауларда жүлдегер атанып, үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде 3 түлегіміз Төлеген Еркежан, Мырзахан Диана және Оғзод Лаура алтын белгі иегерлері атанса, 1 оқушымыз Нұрсұлтан Айгерім ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегерлері атанды. Мектебімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Бітіруші түлектерге мектеп-гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазановна, Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы және сынып жетекшілер ізгі тілектерін айтып, сәт сапар тіледі.



