» » «Тарихты оқытудағы цифрлық storytelling: оқушыны тартудың жаңа жолдары» тақырыбында аудандық семинар

 
 
 

«Тарихты оқытудағы цифрлық storytelling: оқушыны тартудың жаңа жолдары» тақырыбында аудандық семинар

Автор: admin от 16-04-2026, 09:28, посмотрело: 24

0 Мектебімізде 15.04 күні «Тарихты оқытудағы цифрлық storytelling: оқушыны тартудың жаңа жолдары» тақырыбында аудандық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – тарих пәнін оқытуда цифрлық storytelling әдісін тиімді қолдану жолдарын меңгерту, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған оқыту стратегияларын қалыптастыру.
Семинарды мектебіміздің директоры Мұрат Рысбекұлы Ускенбаев ашты.
Семинар барысында ұстаздар өз іс-тәжірибелерімен бөлісті, "Цифрлық storytelling" әдістерінің жасалуының тиімді жолдарын ұсынды. Оқушылардың қатысуымен «Тірі музей» көрмесі ұйымдастырылып, тарихи кейіпкерлер бейнесі сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Осындай мазмұнды іс-шаралар білім сапасын арттыруға және тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді.
Семинар соңында білім бөлімінің тарих және қоғамдық пәндер бірлестігінің әдіскері Асем Қуатова қорытындылады.
Семинарға қатысқан барша әріптестерге алғысымызды білдіреміз!

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.