Бекбауов Асқар Смайлұлы
1953 жылы 26 тамызда Байзақ ауданы Байзақ ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика факультетін бітірген. 1976 жылғы облыстық спорт мектебінің түлегі, бокстан спорт шебері.
1974 -1976 жылдары Байзақ ауданы М. Маметова атындағы мектепте математика мұғалімі, 1976-2002 жылдары спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек еткен. 16 жыл осы спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарған. Жаттықтырған шәкірттері жастар арасында өткізілген Қазақстан біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болған.
2004-2007 жылдары С.Абланов атындағы мектеп директоры, 2007-2010 жылдары аудандық білім бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдары аудандық спорт бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
2011 жылы мамыр айынан 2016 жыл 1 қыркүйекке дейін Н.К.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарған.
2011-2016 жылдары басқарған мектеп ұжымы жоғары жетістіктермен көрінді. Осы жылдары 24 оқушы «Алтын белгімен», 7 оқушы ерекше аттестатпен мектепті бітірді. 2015 жыл қорытындысында мектеп облыстағы 10 үздік ауыл мектебі қатарына қосылды.
2007-2011 жылдары Байзақ аудандық маслихатының, 2012-2016 жылдары Жамбыл облыстық маслихатының депутаты болды.
Асқар Смайлұлы педагогикалық еңбектегі жетістігі үшін Байзақ ауданы әкімінің, Жамбыл облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



