Абдыкулов Кайрат Сатбаевич
1965 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келді.
1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетінде оқыды. Мамандығы –дәрігер.
Тараз қаласындағы № 1 қалалық емханасында хирург болып жұмыс атқарды. Жамбыл облысы Байзақ аудандық ауруханада хирург.
Жамбыл облысы бойынша дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінде бас директордың орынбасыры қызметін атқарды.
Жамбыл облыстық ауруханада он жылдан астам хирург болды.
2006 жылдың қаңтарынан бастап Жамбыл облыстық офтальмология орталығының бас дәрігері.
Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру (валеология, статистика) бойынша жоғары санаттағы білікті маман.
2010 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін алды.



