Жұлдызай фестивалі

Автор: maratit от 11-03-2019, 18:11, посмотрело: 752

0

  Байзақ  ауданы  №1   мектеп-гимназиясында  әлеметтік   педагогтар Х.Усманова мен К.Иманалиеваның  ұйымдастыруымен  5 –ші сәуір күні Тараз қаласында өтетін мүмкіндігі шектеулі  балалардың шығармашылық қабілеттерімен  мүмкіндіктерін дамытуға арналған «Жұлдызай» фестивалінің   аудандық  іріктеу кезеңі  өткізілді. Фестивалға мектебімізден денсаулығына байланысты үйде оқытылатын 8 сынып А. Тұрдиева  «Қолөнер»   жетекшісі  А.Садықова,  Г. Аманбай «Вокал» жетекшісі Ұ.Жанбаева, жеңілдетілген бағдарламамен  оқитын Исламов Ердос «Бейнелеу», Нұрметов Елдарбек «Бейнелеу», Сейтов  Хайдар «Вокал», Өмірзақ Ерасыл «Вокал», Болат  Айаужан «Би» номинациялары бойынша қатысып, көпшілікті  өнерлерімен тәнті етті. Жетекшілері А.Дүйсенбаева мен А.Сарсинбаева.            Фестивальдің қазылар алқасы ОПМК  бас маманы А.Н. Наурызбаева, білім бөлімінің әдіскері   Р.С.Сабитбекова фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.









Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.