Спикер кітап және авторы туралы таныстырылым жасады. Сейілбек Мырзабай кітап қалай? не үшін? жазылғаны туралы айтты.
Заман талабын ескеріп, шетелдік ғалымдар тәжірибесіне талдау жасай отырып жазылған зерттеу еңбегі-әрбір мұғалім мен ата-ананың баға жетпес байлығы болуы тиіс. Жан-жақты тақырыптар қамтылып, бала психологиясының қалыптасауы мен дамуына терең талдау жасалған Сейілбек Мырзабайдың «Балалықтан-даналыққа» деген кітабы баласының болашағына бей-жай қарамайтын әрбір жанның сөресінен табылуы керек.
Автордың кітапқа қолтаңбасын алу, естелікке суретке түсу үрдісі де болды. Кездесу кітапқа құштар жандардың жылы лебізімен аяқталды.



