0Баланың бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді. «Бала нені білсе ұядан – өле-өлгенше соны тамыр қылады»- деген нақыл сөзде қаншама мән-мағына жатыр. Бұл орайда мектептің рөлі зор. Өйткені отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бірі-бірімен тығыз байланысты. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. №1мектеп-гимназиясында « Кибербулингке жол жоқ!» тақырыбында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша психологиялық іс-шаралар өткізіліп отырады. Мұндағы мақсат: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру. Жеткіншек және жасөспірім кезеңдегі зорлық-зомбылық ерекшеліктерін талдау. Оқушыларға адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық-зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.