Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Ұлыстың ұлы күні, Наурыз"

Автор: maratit от 20-03-2019, 15:30, посмотрело: 881

       Мектебімізде "Ұлыстың ұлы күні, Наурыз" мерекесіне байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп ауласына тал отырғызу, оқушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мерекелік "Наурыз көже" дайындап мектеп оқушылары мен ұстаздарға мерекелік дастарған әзірледі. Мектеп басшысы Г.Р.Жаманова және ардагер ұстаздарымыз оқушылар мен ата-аналарға бата-тілектерін айтып, алғыс білдірді!!!








Категория:

 

"Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?"

Автор: maratit от 20-03-2019, 10:01, посмотрело: 800

       Байзақ ауданы "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" ұйымдастырумен өткен "Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?" атты аудандық пікірсайысқа мектебіміздің атынан "Жас ұрпақ" және "Екі есе қауіп" командалары қатысты. Пікірсайыс қорытындысы бойынша "Екі есе қауіп" ІІ орын, "Үздік спикер", "Жас ұрпақ" командасы алғыс хатпен марапатталды. Командаларды дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Садықова Айжан Джумабаевна.



 

Категория: , ,

 

"Ең үздік кітап оқитын мектеп"

Автор: maratit от 20-03-2019, 09:57, посмотрело: 674

          №1 мектеп - гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесіне сәйкес, «100 кітап» жобасы аясында, үстіміздегі жылғы 20 наурыз күні кітапханашылардың ұйытқы болуымен Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы, №1, Сарыкемер, Н.Киікбаев мектеп-гимназиялары мен Ю.Гагарин орта мектебі және Қосақ негізгі мектебі кітапханашылары арасында "Ең үздік кітап оқитын мектеп" тақырыбында аймақтық байқау ұйымдастырылды.


 

Категория: