» Материалы за Март 2019 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

2019 жылдың 14-ші наурыз күні Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтетіндігін хабарлаймыз

Автор: maratit от 6-03-2019, 09:55, посмотрело: 1301

Хабарландыру

2019 жылдың  14-ші наурыз күні  Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында  Қамқоршылық кеңесінің  отырысы өтетіндігін хабарлаймыз


Күн тәртібіндегі  мәселелер: 

1.Мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңесі алдындағы  есебі        

Мектеп инспекторы    М. Умирбекова


2.Білім беру ұйымында спортты дамыту, дарынды оқушыларды қолдау  көрсетудің  нәтижелері   

  Қамқоршылық кеңесі төрағасы  П.Ахметов


3 Аз  қамтылған, көп балалы  отбасынан   шыққан  оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету  мәселелері 

Әлеуметтік  педагог 

4. Ағымдағы мәселелер    

Кеңес мүшесі   К.Игенбаева 



Қамқоршылық кеңесінің хатшысы:  Х.Усманова 



Категория: , ,

 

Мектепке тағзым

Автор: adminmg от 2-03-2019, 19:46, посмотрело: 1179

2019 жылдың 02 наурыз күні Байзақ баба жеріндегі киелі қара шаңырағы №1мектеп- гимназиясында  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында « Мектепке  тағзым» тақырыбында  мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік  кешке осы мектептің іргетасын қалаған Табылдиев Ұябай атамыздың келіні Табылдиева Рысбай мен ұрпақтары, жергілікті ақын Қасқырбай Нарбатыр, Қызыл Жұлдыз ауылының тұрғыны, 101 жастағы  Ибрагимова Марзия әже, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі, осы мектептің түлегі  Тілеуқұлова   Сәуле Сейдимханқызы  және осы мектепке мұғалімдік қызмет атқарып,зейнеткерлерге шыққан ардагер ұстаздар Қуатбекова  Шоқан, Сара Айтейқызы, Барманқұлова Гүлдар, Абдрахманова Бақыт, Мадраймова Мейізкүл, Назарова Салиха, Юсупбекова Баршай, Тәжібай Әуезбай, Арыстанбаева Қалжан, Гуля Маханқызы, Заурбекова  Фатима, Нұрмаханова Абриза,  гүлзина Абдуллаева, Салима Бейсенқұлова, мадина Омарова, Кадірова Пернекүл,  Каменбаева   Жібек, Доснарова Гүлжаһан  және мектеп ұжымы қатысты.

«Мектепке тағзым» атты мерекелік кешті мектеп-гимназия директоры Г.Р. Жаманова ашып, ұлттың ұлы бастамасына айналған Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс-шаралардың атқарылып жатқандығын айта келе, осы мектептің іргетасын қалаған Табылдиев Ұябай атамыз өзі өмірден өтсе де, осы әулеттің келіні, абзал анамыз Табылдиева Рысбай мен ұрпақтары осы дәстүрді жалғастырып, математика кабинетінің жабдықталуына өз үлестерін  қосып, демеуші болып отырғандығын  және Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі, осы мектептің түлегі   Тілеуқұлова  Сәуле Сейдимханқызы  рәміздер  бұрышының  жасалуына   көмек көрсетіп, демеушілік  жасады. Жергілікті сазгер ақын Қасқырбай Нарбатыр лебізін  білдіріп, «Арнау» өлеңін оқыды. Мерекелік кештен соң рәміздер  бұрышы мен кабинеттердің ашылу салтанаты өткізілді. Мектебіміздің кішкентай бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Мектебіміздің  мұғалімдері мен оқушылары ән-шашу арнап, өз өлеңдерін оқыды. Іс-шара жақсы деңгейде өткізілді.




Категория:

 

«Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері»

Автор: maratit от 1-03-2019, 12:14, посмотрело: 644

          2019 жылы 1 наурыз күні Мырзатай орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында «Деструктивтік діни ағымдар: зерттеудің заманауи әдістері» тақырыбында аудандық ең үздік ғылыми жобаға 9а – сынып оқушысы З.Искахова қатысып, ІІІ дәрежелі диплом алды.


Категория: , , ,

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine