» Материалы за Декабрь 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мерекелік- жыр шашу

Автор: admin от 27-12-2019, 16:04, посмотрело: 490

1

      2019 жыл  26 желтоқсан   күні    әлеуметтік педагогтар Х.Усманова, К.Иманалиевалардың ұйымдастыруымен    мектебіміздегі денсаулығына   байланысты  үйде оқытылатын оқушылар, коррекциялық сыныптағы  және ата-ана қамқорлығынсыз  қалған  қамқоршылықтағы  оқушыларға   жаңа жылдық көңіл күй сыйлау мақсатында   «Мерекелік- жыр шашу» тақырыбында       қайырымдылық  жаңа жылдық қонцерті өткізілді.  Дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Қазиевтың басшылығында мектеп ұстаздары мен кіші қызметкерлерден  құралған тәуелсіз демеушілер    оқушыларға    жаңа жылдық  сыйлықтар  таратып, балаларға қуаныш сыйлады. 






Категория: , , ,

 

«Оқу-тәрбие және басқару жұмыстарының барысы»

Автор: admin от 12-12-2019, 17:30, посмотрело: 539

0

      Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында  2019 жылдың  12-ші желтоқсан күні  Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды. Кеңес отырысын   Қамқоршылық кеңесінің төрағасы П.Ахметов  ашып,  ата-ана комитеттерін  отырыстың күн тәртібімен таныстырды.  Қамқоршылық кеңесі  отырысында «Оқу-тәрбие және басқару жұмыстарының  барысы»    туралы  мектеп- гимназия директоры Г.Р. Жаманованың   Қамқоршылық кеңесі алдындағы   есебі  тыңдалды. Кеңес отырысында мектеп-инспекторы Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ   УПИ полиция лейтенанты  М. Умирбекова жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар және оның алдын-алу жолдары туралы айтты. Кеңес мүшелері және отырысқа қатысқан ата-ана комитеттері атқарылған жұмыстарға оң бағасын бере отырып, бірлесе жұмыс жасайтындықтарын және ұсыныс, талап, тілектерін айтты.










Категория: , ,

 

Хабарландыру

Автор: admin от 6-12-2019, 15:27, посмотрело: 397

0

Хабарландыру

2019 жылы   желтоқсанның    12-і  күні   сағат   16.00  -де  Байзақ ауданы                                                  №1 мектеп-гимназиясында  Қамқоршылық кеңесінің  отырысы өтетіндігін хабарлаймыз

Күн тәртібіндегі  мәселелер: 

1.Оқу-тәрбие жұмысының барысы,  білім сапасы туралы мектеп- гимназия директорының  қамқоршылық кеңесі алдындағы   есебі 

2.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үйде оқытылатын, ЗПР сыныптағы  оқушыларға мерекелік сыйлықтар  ұйымдастыру

3.Қайырымдылық көмек түрінде демеушілерден түскен қаржының мақсатты  жұмсалуын  қадағалау




Категория: , ,