» Материалы за Февраль 2020 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Сауалнама

Автор: admin от 20-02-2020, 17:53, посмотрело: 405

0

               

Әлуметтік педагогтар  К.Иманалиева, Х.Усманова,  мектеп медбикесі             Н. Тулегенованың ұйымдастыруымен  13.11.2019 ж күндері 4  сыныптар арасында   «тамақтану тәртібін білесің бе?» тақырыбында  сауалнама алынды

Категория: Эксперимент алаңы

 

Серіктес мектептермен жұмыс

Автор: admin от 17-02-2020, 09:30, посмотрело: 505

0
      15.02.2020ж күні №1 мектеп-ги мназиясының серіктес мектептермен жасалған жылдық жұмыс жоспарын негізге ала отырып ДОӘІЖО Ө.Алданбекованың ұйымдастырумен серіктес Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектебіне барып әдістемелік күн өткізді. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ахметова сол мектептің 4-сыныбына "Золотая осень" , бастауыш сынып мұғалімі А.Төлепбергенова 3-сыныпқа "Күй атасы-Құрманғазы" , математика пәні мұғалімі Д.Қонарбаева 5-сыныбына "Ондық бөлшектерді көбейту" тақырыбында сабақ, ДОӘІЖО Ө.Алданбекова мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізіп өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.




 

Категория: ,

 

Кәсіптік бағыт - бағдар беру - кемел келешектің кепілі

Автор: admin от 14-02-2020, 16:02, посмотрело: 548

0

     Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес №1 мектеп-гимназиясында «Кәсіптік  бағыт - бағдар беру - кемел келешектің кепілі» атты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Даулетов Дәуір Рысбайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұралиев Нұржан Тоқбергенұлы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Қайыпчаев Бекбол Сұраншыұлы, әдіскері Жұматаева Меруерт Мұратқызы, Байзақ ауданының жеке кәсіпкерлері Жабатаева Лаззат Келдибековна, Заурбеков Талғат Бөкейханұлы, Бекбауов Асқар Смайұлы,Есенкулов Жамалбек Қожабекұлы және аудан мектептеріндегі директордың  кәсіптік бағдар беру орынбасарлары қатысты. Іс-шара барысында «Кәсіптік бағыт-бағдар беру» орталығы мен мультимедиа кабинеттері ашылып, кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.Іс-шара барысында келген қонақтар оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, жылы лебіздерін білдірді. 






Категория:

 

"Жас талап" байқауы

Автор: admin от 12-02-2020, 17:30, посмотрело: 454

0   М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті ұйымдастырған "Жас талап" интелектуапды ойынына қатысқан мектебіміздің 11 сынып оқушысы Шаймаханбетова Карима жүлделі ІІІ орынды иеленді.



Категория: ,

 

Брокеражды тексеру

Автор: admin от 12-02-2020, 10:00, посмотрело: 485

0

2019 жылдын 5 қараша күні №1 мектеп –гимназиясында брокеражды камиссия мүшелері мектеп асханасының санитарлық –гигиеналық талапқа сай болуын, аспазшының  сыртқы  киім   үлгісі, азық -түлік сақтайтын қойма, асхананың   ыдыстармен  қамтылуы   және  ыдыс  жуатын   бөлменің  тазалығы, тамақтың  сапасы,   құнарлығын тексерілді. 





Категория: Эксперимент алаңы

 

ЖАСТАРДЫҢ РУХАНИ-ҰЛТТЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Автор: admin от 11-02-2020, 11:01, посмотрело: 295

ЖАСТАРДЫҢ  РУХАНИ-ҰЛТТЫҚ ТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жаманова Гульпаш Рамазанқызы

Жамбыл обл., Байзақ ауд. №1 мектеп-гимназиясы, мектеп директоры


Н.Ә. Назарбаев 2019 жылды Жастар жылы ретінде белгілей отырып, негізгі басымдықтар ретінде келесілерді   белгіледі: еліміздің болашағы жастар ретінде жас ұрпақты тәрбиелеу, жоғары білім деңгейі, ұлттың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық және мәдени дамуы, денсаулығы.

Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелділігі, білімі мен тәрбиесі, тұлғалық  дамуы, танымдық белсенділігінің қалыптасуы әлеуметтік-психологиялық тұрғыда қолдау мен сүйемелдеуді, сол арқылы өз ұлтына деген париоттық сезімі мен ұлттық болмысын қалыптастыруды қажет етеді. Бұл  ең алдымен жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастырудың  педагогикалық негіздерін айқындау барысында жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - атты бағдарламалық  мақаласындағы   «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт­пейінше, біздің толыққанды жаңғы­руымыз мүмкін емес ...» - деген  қағидасын басшылыққа алу арқылы орындалады [1].  

Жастар мемлекеттің және қоғамның әлеуметтік құрылымындағы  маңызды топ болып табылады. Ресми мәліметтер бойынша   республика халқының 28 пайызына жуығын жастар құрайды. Олардың саны 4,5 миллионнан асқан. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, рухани дамуы болып отыр.

Жастар қоғамдық ұйымдары қолданыстағы жастар ұйымдарының мақсатты жұмыстары жастардың патриотизмге, рухани-адамгершілікке тәрбиеленуіне, мемлекеттік тілді насихаттауға, мәдени бос уақытты ұйымдастыруға және жас адамның толық бағалы тұлғасын өздігінен іске асыру және қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі ресми дерек бойынша республика көлемінде арнайы тіркелген 45-тен астам жастар ұйымы бар. Оның ішінде «Жасыл ел», «Жас Отан», «Жастар таңдауы» және т.б. ұйымдары белсенді жұмыс атқаруда [2].    Жастардың, олардың  құндылықтық   бағытының  мәселелері  шет ел және отандық  ғылыми әдебиеттерде  белсенді зерттеліп жүр. 

Жастар мәселесін зерттеудің  әдістемелік және қолданбалы аспектілері  отандық әлеуметтанушылар М.С.Әженов,  К.У.Биекенов,  К.Ғ. Ғабдуллина,  О. Нұсқабаев,   М.Ф. Пузиков,  Л.Н. Қасымова,  Н.Калашникованың, сондай-ақ философ - Н.М.Нысамбаевтың   еңбектерінен көруге болады. 

Ал педагогикалық тұрғыдан жастар мен балалар ұйымын зерттеген ғалымдар – В.С.Нұрланова,  А.Т.Дюсенбаева, М.Қ.Құрсабаев, А.Н. Тесленко еңбегінде жастар саясатының педагогикалық аспектілері қарастырылса,  А.С.Сәрсенбаев, Г.Т.Телебаев, А.Т.Шайкеновалар жастарды әлеуметтік тұрғыда олардың қоғамдағы рөлі мен әлеуметтену мәселесін қарастырғанын байқадық. 

Еліміз дамыған мемлекеттердің  бірі ретінде материалдық және рухани өміріндегі өзгерістер адамгершілік қатынастарды қалыптастыру мен қызмет етудегі рөлін жаңаша тұрғыдан анықтап жас ұрпаққа деген қоғамның көзқарасы өзгерді.

Қазіргі кезде жұртшылықты алаңдатып жүрген мәселелердің бірі – жас ұрпақтың рухани құлазуы. Сондықтан да елбасы Н.Ә. Назарбаев білім беру саласында халқымыздың руханилық дәстүрлерін кеңінен дамытып, өскелең ұрпақты рухани сезімдерінің биік, өз Отанын, халқын қастерлеп, сүйетін сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың бүгінгі таңдағы маңыздылығын түсінетіндей етіп, тәрбтелеудің қажеттілігіне баса назар аударуда. 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы іс-шараларды мектепте ұйымдастырудың басым бағыттары жастарда рухани адамгершілік және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру негізіндегі жұмыстар жасау [3]. Қазақстандық қоғамның «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайында жастардың бойында ұлттық мәдениетті сіңіру, рухани-адамгершілік нормаларды меңгерту мен қоғамға әлеуметтендіруге бағдарлау  арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Осы орайда, Жаңартылған білім беру мазмұнының маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру (сыни ойлау, топтық жұмыс, құзыреттілігін дамыту), сонымен қатар ұлттық құндылықтар негізіндегі тәрбие кеңістігін құру. 

Жастарда ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және  педагогикалық қолдау көрсету жүйесін ұйымдастырудың негізгі  мақсаты: жалпыадамзаттық және рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасқан, ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген, бәсекеге қабілетті, лидерлік сапалары бар, әлеуметтік және жеке тұлғалық өзін-өзі анықтауға  қабілетті, шығармашылық потенциалы дамыған білімді тұлға қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі мен ғылыми-зерттеу тәжірибесін ұсыну.

Жастардың   рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастырудың  педагогикалық маңыздылығын практикалық негізде жүзеге асыру міндеттерін жобалау мен  жүзеге асыруда  төмендегі мәселелерді шешуді қажет  етеді:

- Азаматтық бірегейлік, бәсекеге қабілеттілік және жалпыұлттық патриотизмді білім беру жүйесі арқылы модернизациялау;

Қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын жан-жақты жетілген білімді жастарды дайындау;

- Ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қайта жаңғырту арқылы жастар бойында прагматизмді  және жаңа қазақстандық  патриотизмді қалыптастыру бағытында «Мәңгілік Ел» идеясының саяси-әлеуметтік негіздерін   тарату;

-  Еліміздің рухани жаңғыру кезеңінде негізгі қозғаушы күш  – жастар екендігін  ұғындыру мен жастарды өзіңнің ұлттық және жеке байлығын нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағын жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеуге тәрбиелеу мен табандылық  ерік-жігер сапаларын, прагматизмді  қалыптастыру.

Қоғамдық позициялары:

  • өзгелерге үлгі көрсету;
  • басқалармен біртұтастықта болуға ұмтылу;
  • жағдайды ортаның ортақ көзқарасына сай бағалау және бақылау:
  • өзгенің жеке және этностық ерекшеліктерін бағалай білу.

Бұл жастардың   рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастырудың жұмысын жоспарлау көкейкесті екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, « ... жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша, болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады» - деген елбасы тапсырмасының негізінде жүзеге асырылады [2].

Біздің мемлекетіміздің өскелең ұрпаққа қоятын талаптары: адамгершілік, имандылық, парасаттылық, кішіпейілділік, тәртіп, мінез-құлық т.б. талаптары да ерекше.       Адамгершіліктің қалыптасу жолдарын ең алдымен отбасында, мектепте басқа да әлеуметтендіру институттарынан бастап оның бойында адамгершілік қасиеттерді: басқаларды сыйлай білу, өзгелердің ар-ожданын құрметтеу, ізгілік, парасаттылық, мәдениеттілік сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру нәтижесінде ғана дамытуға болады. Жастардың   рухани-ұлттық танымын қалыптастыру мәселесі жалпы дүниежүзілік оқу-тәрбие жүйесін зерттеу мен талдауы оның мақсаттары, мазмұны, қолданылатын әдістері мен қорытынды нәтижелері ең алдымен ұлттық ерекшеліктері мен құндылықтарымен өзара тіке байланысты екенін көрсетіп отыр.  Кез келген ұлт пен елдің өзіндік өз ұлтына танымдық көзқарасы мен құндылықтарын қалыптастыратын әдіс-тәсілдері мен  тәрбиесіне дәстүрлері бар. Мәселен, әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына жататын – Америка Құрама Штаттарында ол анық байқалады. Ол өз елі мен туған Отанына деген махаббатты тәрбиелеу мәселесі мемлекеттіктің белгілерін және нышандарын танып білуден және арнайы оқытудан басталады. Ал, Германияда арнайы қабылданған заңдармен өнегесіз баспа өнімдерін, аудио және бейне жазбаларды, иллюстрацияларды, зұлымдық пен қатыгездік, қылмыс пен нәсілдік жеккөрушілік ниетін оятатын бейнефильмдерді шығаруға және таратуға заңмен тыйым салынған. Сонымен қатар, АҚШ, Германия, Аустрия, Швецияда кәмелеттік жасқа толмаған (18 жасқа дейінгі) өспірімдердің моральдық және дене қауіпсіздігі үшін ойын-сауық орындарда, ресторан, дәмханаларда, ойын залдарында, кинотеатрларда болу уақыты арнайы заңмен белгіленген және уақыты шектелген.

Бұл міндеттерді  тәжірибеде жүзеге асырудан күтілетін түпкі нәтиже: 

  • Жастардың өмірге деген позитивтік, мәдени-үйлесімді және белсенділік көзқарасы  қалыптасады;

- Жастар өзін жеке тұлға ретінде танып – білуіне жағдай туады, әр түрлі әлеуметтік ортада өзін-өзі қалыпты деңгейде басқара алады;

- Оқу-тәрбие жұмысының негізінде жастардың  рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыда айқындап, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру мүмкіндігі артады; 

- Жастардың рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастыру барысында кәсіби шеберлікті дамытуға мүмкіндік беретін формалар мен тәсілдерді педагог мамандардың таңдай білуі қабілеті өседі,  негіздері айқындалады және  маңыздылығы нақтыланады.

Бұл, жастардың өзіндік даралық қасиетін көрсетуіне және оның қажеттілігіне, қызығушылығы мен қабілеттінің жүзеге асыруына мүмкіншілік беру, жастардың жеке тұлға ретінде дамуына териториялық біріктірулер, әлеуметтік серіктестіктер мен педагогтардың күш жігері арқылы бағыттау болып табылады 

           Біздің мектепте Жастардың бос уақытын қосымша білім беру арқылы тиімді ұйымдастыру және педагогикалық тұрғыда  қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар тиімді нәтижелер көрсетуде. Олар: 

       - Жастардың тұлғалық, рухани-адамгершілік және метатанымдық компоненттерінің дамуына бағытталған элективті курстар, факультатив сабақтар, семинар-тренингтер;

  • Отбасылық тәрбие мәселесін қайта жандандыруға ықпал ету және ата-аналарға психологиялы-педагогикалық ағарту жұмыстары, дует алаңдары, ата-аналарға арналған тренингтер;
  • Мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары, семинарлар, коучинг, тренинг, қажетті материалдар базасы, бұқаралық насихаттау және тәжірибеге енгізу іс-әрекеттері.

Жастардың жастардың   рухани-ұлттық танымын қалыптастыруды ұйымдастыру, олардың дербес өмірге дайындалуы қоғам мен мемлекеттің маңызды құрамын дамыту болып табылады. Қорытынды ретінде айтарымыз, қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, iскерлiк, жауапкершiлiк қасиеттерді қалыптастырмай, жастардың iзгiлiктi, рухани өркендеуiне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтiк-мәдени тәжiрибесiн, әлемнің өркениетi жетiстiктерiн игеруiне жол ашпай әлеуметтiк ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкiн емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру iсiне жастардың өздерiн белсендi түрде тартуды көздейдi. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейi мен әлеуметтiк жағдайына қарамастан, өмiр жолын таңдау мен жеке жетiстiктерге жету үшiн мейлiнше мол мүмкiндiктер ашуға тиiс. Сонда ғана жастар саясатының өзектi мiндетi - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуi iске асатын болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1.  Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. -  Астана, 2017
  2. Уровень удовлетворенности потребностей казахстанской молодежи. Социологическое исследование. Корпоративный фонд «Центр анализа и прогнозирования молодежной политики», Астана, 2009.
  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», - Астана, 2014


 
 



Категория:

 

Кітап үйірмесі

Автор: admin от 4-02-2020, 11:30, посмотрело: 553

0
"Өзін-өзі тану" адамгершілік - рухани бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары туралы кітап үйірмесі ұйымдастырылды.


Категория: ,

 

"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"

Автор: admin от 3-02-2020, 10:30, посмотрело: 552

0
2020 жылдың 03 ақпанында "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. 

Категория: ,