Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі КММ » Материалы за Сентябрь 2021 года
Автор: admin от 30-09-2021, 11:12, посмотрело: 114
Автор: admin от 29-09-2021, 15:37, посмотрело: 107
Автор: admin от 29-09-2021, 11:10, посмотрело: 97
Автор: admin от 22-09-2021, 11:07, посмотрело: 138
Автор: admin от 22-09-2021, 11:04, посмотрело: 136
Автор: admin от 20-09-2021, 09:26, посмотрело: 135
«30 ИГІ ІС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ
МӘЛІМЕТ
№1 мектеп-гимназиясында 2021-2022 оқу жылындағы қыркүйек-қазан айындағы әлеуметтік педагогтар К. Иманалиева, А.Нурманованың ұйымдастыруымен «30 ИГІ ІС» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ акциясы аясында іс-шаралар өткізілді.
Мақсаты: Көп балалы, табысы төмен және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларының балаларына әлеуметтік қолдау көрсету.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі М. Қазиев мектеп ұстаздарын көп балалы отбасынан шыққан, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсетуге демеуші болуға шақырып, мектеп ұстаздарының көмегімен аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 7 сынып оқушысы Шманова Балсаяға мектеп формасы, жемпір, аяқ киім алып берді.
Нұр Отанның жастар ұйымының мүшелері толық емес отбасынан шыққан 9 сынып оқушылары Максим Мұрат, Максим Мақсатқа демеушілік жасап, мектеп формасын, аяқ киім, оқу құралдарымен түгел қамтамасыз етті.
Мектеп директоры Г.Р.Жаманова жалдамалы пәтерде тұратын 9 сынып оқушысы Әлімбай Наргизаға мектеп формасын алып берді.
Мектеп ұстаздары А.Жанжұмаева, Л.Абдиходжаева М.Тұрсынбаева әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 20 оқушыға мектеп формасы мен мектеп сөмкесін алып берді.
Мектебіміздегі адалдық дүкен бұрышына «Мұқтаж болсаң ал, артық болса қос» тақырыбында қайырымыдылық акциясы өткізілді. Адалдық дүкенінің сөресіне мектеп ұстаздарының демеушілігімен мектепке қажетті оқу құралдары (дәптер, ручка, қалам, сызғыш, түрлі түсті қаламдар, ермексаз, сурет дәптер, түрлі түсті бояулар, желім, өшіргіш, ұштағыш т.б.) қойылды. Осы заттарды тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушылар қажеттіліктеріне қарай алды.
Мектеп директоры Г.Жаманова 3 отбасыға азық-түлікпен (ет, конфет, печенье, шәй, алма) қамтамасыз етті.
Әлеуметтік педагог тарапынан сәтсіз отбасынан шыққан, жалдамалы пәтерде тұратын бір оқушыға күздік аяқ киім және сырт киім берілді.
«30 игі іс» қайырымдылық акциясына демеушілік жасаған мектеп ұстаздарына және аталған демеушілерге алғысымыз шексіз. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дегендей осындай игі істерге өз үлесін қосатын азаматтарымыз көп болсын!
Орындаған : Әлеуметтік педагог
Автор: admin от 18-09-2021, 11:01, посмотрело: 93
Автор: admin от 18-09-2021, 10:56, посмотрело: 122
Автор: admin от 17-09-2021, 10:54, посмотрело: 114
Автор: admin от 17-09-2021, 10:03, посмотрело: 156
№ 1 мектеп-гимназиясында 17.09.2021ж 4- сыныптар арасында мектеп медбикесі мен әлеуметтік педагогтардың ұйымдастыруымен "Дұрыс тамақтана білейік" тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнамаға 164 оқушы қатысты. Сауалнама 4 сұрақтан тұрды. Оқушылар сұраққа толық жауап берді. Сауалнама мақсатына жетті. Жалпы сыныптарда денсаулыққа пайдалы кеңестер мен тамақтану рационын аша білді.
Категория: Эксперимент алаңы