
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі КММ » Материалы за Октябрь 2021 года » Страница 5
Автор: admin от 2-10-2021, 09:42, посмотрело: 133
Автор: admin от 1-10-2021, 11:17, посмотрело: 117
Автор: admin от 1-10-2021, 09:36, посмотрело: 152
Автор: admin от 1-10-2021, 09:34, посмотрело: 115
Автор: admin от 1-10-2021, 09:28, посмотрело: 135
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сарсенбаев Лесбек қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібімен таныстырып, кеңес отырысын ашты. Сонымен қатар, өткен оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің мүшелерінің атқарған жұмыстарына қысқаша тоқталып өтті. Мектеп түлектерінің демеушілігімен мәжіліс залына 23 дана сары түсті орындықтар әрқайсысы 8655 тенгеден, жалпы 199065тенге алып берді. Мектеп бітіргендеріне 35 жыл толған түлектер мектеп мәжіліс залына жалюзи алып берді. Сонымен қатар мектеп ұстазы Айманова Гүлнар апкидің демеушілігімен мәжіліс залына 150 мың тенгеге безендір жұмыстары жүргізілді.
Сөйледі: мектептің әлеуметтік педагогы А.Нурманова өз сөзінде 2021-2022 оқу жылының тамыз , қыркүйек айларында анықталған тұрмыс жағдайы төмен отбасы оқушыларына әлеуметтік қолдау көрсету, оқушылардың мектепке келе алмауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіліп, демеушілерді тарту арқылы көмек ұйымдастырылғандығын айтты.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Байзақ ауданының білім бөлімі ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 2 тамыздағы №3-153018-И хатына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арасында мұқтаж отбасыларға atamekenim.kz порталы арқылы өтініштер арқылы көмек көрсету туралы келісім жасалған.
Аталған платформаның қызметі туралы ата-аналар мен педагогикалқ қоғамдастық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, жоспар бекітілді. Қазіргі уақытта жоспар бойынша «Менің Атамекен» акция өз жұмыстарын жүргізуде. Жалпы мектебімізде қамқоршылықтағы, аз қамтылған отбасынан шыққан 129 оқушы, 69 отбасы бар. Оның ішінде қамқоршылықтағы 6 оқушы, 5 отбасы, аз қамтылған отбасынан шыққан 122 оқушы, 64 отбасының тізімі бекітілді. Оқушылардың жаңа 2021-2022 оқу жылына уақытылы сабаққа қамтылуын қадағалау барысында жұмыстар жүргізілуде. «Мектепке жол» акциясы бойынша білім беру қоры есебінен 129 оқушының әр біріне 32500 тенге көлемінде қаржылай көмек берілді.
Мектеп әкімшілігінің демеушілігімен 12000тенге жиналып, мектеп әжетханасына қажетті заттар (сұйық сусабын, дәретхана қағазы) алынды.
Мектебіміздің ата-аналарының демеушілігімен мектепке кіреберіс есіктерінің алдына 18750 тенгеге 2 қара түсті кілем (коврик) әр қайсыс 6750тенгеден, 3 газон кілем (коврик газон) әр қайсысы 1750 тенгеден алып берді.
Демеушілер тарапынан қамқоршылықтағы, аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 оқушыға мектеп формасы және мектеп сөмкесі берілді. Оқушыларды зерттеу барысында мектепке келе алмайтын 4 оқушы анықталды. Олар 7 сынып оқушысы Шманова Балсая, 9 сынып оқушылары Максим Мұрат, Максим Мақсат, 9 сынып оқушысы Алимбай Наргиза. Мектеп директоры Г.Р.Жаманова, мектеп ұстаздары А.Жанжұмаева, Л.Абдиходжаева жоғарыда аталған 4 оқушыға демеушілік жасап мектеп формасын, аяқ киім, мектеп сөмкесін, оқу құралдарымен қамтамасыз етті.