» Материалы за Октябрь 2024 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІІ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Автор: admin от 31-10-2024, 18:20, посмотрело: 22

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІІ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ауыл мектептерінің 9-11сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілді. 

Еркебай Кәусар-I орын

Абибулла Айғаным-Iорын иеленіп, республикаға жолдама алды. 

Жетекшілері Еримбетов Талған және Раушанова Толқын

Кеңесбек Диана-IІ орын. 

Жетекшісі Тайсенгирова Айгуль

Облыстық кезеңге 6 оқушы қатысып 3 оқушы жүлделі орынға ие болды.

Жүлделі орындарыныз құтты болсын құрметті пән жетекшілері және олимпиада жеңімпаздары!!!

Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!!!

Категория:

 

Мектепішілік пәндік олимпиада (жаратылыстану-математикалық бағыт)

Автор: admin от 29-10-2024, 13:35, посмотрело: 28

0
2024-2025 оқу жылының 29 қараша  күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өтті. 
Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
Міндеттері:
•Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
•ғылыми көзқарасын, танымын кеңейту;
•шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ізденісін дамыту;
•оқушы бейіні мен қабілетін анықтау, интеллектісін дамыту;
•білімді жасты даралау,ынталандыру;
•қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап, іріктеу және қолдау көрсету;
•мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) математика;
2) физика;
3) информатика;
4) химия;
5) биология;
6) география;
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды. 
Аудандық олимпиадада оқушыларға сәттілік тілейміз!

Категория:

 

Мектепішілік пәндік олимпиада (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Автор: admin от 28-10-2024, 13:33, посмотрело: 32

0
2024-2025 оқу жылының 28 қараша  күні қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өтті. 
Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
Міндеттері:
•Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
•ғылыми көзқарасын, танымын кеңейту;
•шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ізденісін дамыту;
•оқушы бейіні мен қабілетін анықтау, интеллектісін дамыту;
•білімді жасты даралау,ынталандыру;
•қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап, іріктеу және қолдау көрсету;
•мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) қазақ тілі мен әдебиеті;
2) қазақстан тарихы;
3) орыс тілі мен әдебиеті;
4) ағылшын тілі;
5) құқық негіздері
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды. 
Аудандық олимпиадада оқушыларға сәттілік тілейміз!

Категория:

 

Облыстық"Ақберен" байқауы

Автор: admin от 24-10-2024, 12:57, посмотрело: 21

0 Бүгін өткен облыстық “Ақберен” байқауына оқушымыз Ахмет Каусар қатысып,2- орын иеленді! Жетекшісі Қуанова Арманай. 
Жеңімпазымыз бен жетекшісін құттықтаймыз!!!

Категория:

 

Күйлер шеруі

Автор: admin от 23-10-2024, 16:22, посмотрело: 58

0 № 1 мектеп-гимназиясында біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес Республика күніне орай 8-сынып оқушылары мен музыка пәнінің мұғалімі Абдіманапов Арман ағайдың орындауында күйлер шеруі өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының күй өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне, жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу, рухани жан дүниесін байыту. Күйді орындаумен қатар, шығу тарихын, аңызын білуге, қазақтың күй өнерін қастерлей білуге үйрету.
#қазақайтысы
#қазақкүйі
#Біртұтас_тәрбие
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert

Категория: ---

 
 
 

"Әнұран айту" челленджі

Автор: admin от 20-10-2024, 16:30, посмотрело: 35

0 № 1 мектеп-гимназисында бір мезетте мемлекеттік гимнін "Әнұран айту" челленджі өтті. Әнұран – мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Әнұранның Ұлттық ерекше аспектісі бар. Әнұран арқылы қазақ даласы әрбір қазақстандықтың өсуі мен қалыптасуының қасиетті бесігі ретінде жырланады.
Әнұран маңызды дыбыстық рәміз ретінде әрекет ете отырып, әрбір қазақстандықтың өз еліне, жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін ояту мақсатында әнұранды орындай отырып, адамның рухани жағдайы мен өз еліне мақтаныш сезімі асқақтайды.
#гимнказахстана
#казақстангимні
#мояродинаказахстан
#меніңотанымқазақстан
@oqu_agartu_ministirligi
@gani.beisembayev
@medetbekovameruert

Категория:

 

Аудандық «Ақберен» байқауы

Автор: admin от 17-10-2024, 18:42, посмотрело: 23

0 17.10.24 ж күні  өткен аудандық «Ақберен» байқауына оқушыларымыз Жұмахан Каусар көркемсөз оқу бойынша 2- орын, ақындар мүшәйрасы Дилдакулов Дәулет 2-орын, ұлттық аспапта ойнау Ахметова Кәусар  1-орын алып, облысқа жолдама, пән мұғалімі Қуанова Арманай. Эссе жазу бағыты Нұрсұлтан Айгерім  2- орын , пән мұғалімі Шыныбекова Әлия. Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін шын жүректен  құттықтаймыз!!!

Категория:

 

Республикалық VI "Алтын түлек"математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі

Автор: admin от 16-10-2024, 18:15, посмотрело: 31

0
16.10.2024 жыл күні мектебімізде Республикалық VI "Алтын түлек"математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Олимпиадағы 10-11 сынып оқушылары қатысты. 
Мақсаты: математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтап, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын қолдау, жоғары сынып оқушыларын ғылымға 
баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру.
Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!

Категория:

 
Назад Вперед