0
№1 мектеп-гимназиясының оқушысы Сүндет Ұлпан Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында жеңімпаз атанды

2024 жылдың 3-4 қазан күндері Атырау қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – ұлтына ұран болған ұлы ақынның рухы биік туындыларын насихаттау, бабалардың ерлік рухын сезіндіру.

Байқаудың нәтижесінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының дәрежелі дипломдарымен және ұйымдастырушылар тарапынан қаржылай сертификаттар табысталды.

ІІІ дәрежелі диплом және қаржылай сыйақы иегерлері:

«Ел құтқарар ер едім...» номинациясы бойынша Сүндет Ұлпан Дәуренқызы - Байзақ ауданы, № 1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РКЖамбыл облысының білім басқармасы