2024-2025 оқу жылының 29 қараша күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы өтті.
Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:
Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
Міндеттері:
•Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
•ғылыми көзқарасын, танымын кеңейту;
•шығармашылық қабілеттерін, ғылыми ізденісін дамыту;
•оқушы бейіні мен қабілетін анықтау, интеллектісін дамыту;
•білімді жасты даралау,ынталандыру;
•қабілетті, дарынды оқушыларды айқындап, іріктеу және қолдау көрсету;
•мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа деген қызығушылығын ояту.
Олимпиада мына негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1) математика;
2) физика;
3) информатика;
4) химия;
5) биология;
6) география;
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 5-11 сынып оқушылары қатыстырылды. Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен оқушылар іріктеліп, аудандық пәндік олимпиадаға жолдама алды.
Аудандық олимпиадада оқушыларға сәттілік тілейміз!



