25.11. 2024 – 13.12.2024 ж.ж. аралығында өтетін дене шынықтыру және АӘД пәні бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты.
Мақсаты: Салауатты өмір салты, спорттың әр түріне қызығушылықты ояту арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту.
Білімді, өнерлі, намысшы, парасатты еңбекқор ұрпақ қалыптастыру.
Ұраны: "Күнделікті дене белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүруге бастар жол!"
«Деніміз сау болу үшін қозғалу керек. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы ғана жетуге болады»
Дене шынықтыру адам ағзасын дамытып жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады.
Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады.
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы.
Дене шынықтыру және АӘД пәні бірлестігінің ұстаздарына айлықтарына сәттілік тілейміз!



