Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Аудандық “Бауыржан оқулары” байқауы

Автор: admin от 29-01-2025, 15:42, посмотрело: 23

0 29.01.2025жыл күні өткен аудандық “Бауыржан оқулары” байқауына  9-сынып оқушысы Жексенбек Альфия эссе жазу бағыты бойынша  қатысып, 30 оқушының арасынан жүлделі 3- орын иеленді. Жетекшісі Қуанова Арманай.

Категория:

 

Аудандық “Мұқағали оқулары” байқауы

Автор: admin от 24-01-2025, 13:51, посмотрело: 25

0 24.01.2025жыл күні өткен аудандық “Мұқағали оқулары” байқауына ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу бағытына 8 Г сынып оқушысы Алламберген Жібек қатысып, 1- орын, үш поэмасын жатқа оқу бағытына 10 Ә сынып Сүндет Ұлпан қатысып, бас жүлде иеленіп, облысқа жолдама алды. Екі оқушының жетекшісі Тұрсынбаева Мөлдір. Ақынға арнау бағытына 9Ә сынып оқушысы Ділдақұл Дәулет қатысып, 2- орын иеленді. Жетекшісі Қуанова Арманай. Жеңімпаздарымыз бен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Категория:

 

Облыстық «Eco- Science» атты ғылыми жобалар байқауы

Автор: admin от 23-01-2025, 12:21, посмотрело: 30

0 ????Облыстық «Eco- Science» атты ғылыми жобалар байқауы өтті
♻️2025 жылдың 23 қаңтар күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық 2-10 сынып оқушыларына арналған «Eco-Science» атты ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.
✔️Байқаудың мақсаты - оқушылардың ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық проблемаларға көпшіліктің назарын аудару.
????Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:
????I бағыт- «Жасыл экономика» бағыты - ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, туризм, энергетика саласы бойынша экологиялық ахуалдарын жақсартуға бағытталған экономикалық-заңдық негіздемесі бар жобалар әзірлеу.
????II бағыт - «Қоршаған ортаны қорғау» бағыты – су қорларын басқару, таза ауа, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында зерттеу жұмысының дайын өнімін (тың идеяда жасалған макет, модель, бағдарлама, вертуалды жоба) ұсыну.
????Байқау қорытындысы бойынша  №1 мектеп-гимназиясының оқушылары Умирзак Алия ІІ орын жетекшісі:Рахметильдаева Галия, Қыдыр Ақбота ІІІ орын жетекшісі:Дүйсенбай Жаңабай, Еркебұланқызы Мейірім ІІ орын жетекшісі: Жанназаров Нұрлыбек,  Оразбай Даниал ІІ орын иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Жетекшісі:Жанжумаева  Айнагул. 
Жеңімпаз оқушыларды және жетекшілерді құттықтаймыз!!!????????????

Категория:

 
 

“Ясауитану-2025” республикалық білім байқауының аудандық кезеңі

Автор: admin от 21-01-2025, 18:33, посмотрело: 35

0 21.01.2025 жыл күні өткен “Ясауитану-2025” республикалық білім байқауының аудандық  кезеңіне №1 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Батихан Ерасыл қатысып, жүлделі І орынға ие болып, облысқа жолдама алды. Жетекшісі Тайсенгирова Айгул. 9 сынып оқушысы Қыдыр Ақбота ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Есалиева Роза. Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!????????????

Категория:

 

Республикалық «Жастар жалыны» жасөспірімдер байқауы

Автор: admin от 19-01-2025, 18:43, посмотрело: 31

0
19.01.2025жыл күні Тараз қаласының Баласағұн Мәдениет үйінде Мәдениет және Ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті «Жастар жалыны» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,әнші-композитор Лұқпан Жолдасовтың «Жастар жалыны» жасөспірімдер байқауына 7 сынып оқушысы Ізбасқан Жанасыл қатысып Бас Жүлдемен марапатталды. Жетекшісі Шигирбаева Замира Сибанбайевна. Жеңімпаз бен жетекшіні құттықтаймыз!!!????????????

Категория:

 

“Дарынды математик”, “ Жас тарихшы” атты олимпиаданың аудандық кезеңі

Автор: admin от 9-01-2025, 18:45, посмотрело: 34

0 9 қаңтар күні  9 сынып оқушылары арасында өткен  математика және тарих пәндері бойынша “Дарынды математик”, “ Жас тарихшы” атты олимпиаданың аудандық кезеңінде  Кенесбек Диана тарих пәнінен жүлделі ІІІ орынға ие болды жетекшісі Тайсенгирова Айгуль. Ал Ерикова Аделя математика пәнінен грамотамен марапатталды. Жетекшісі Сапаров Ерболат. Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!????????????

Категория:

 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада (9-11 сыныптар үшін)

Автор: admin от 6-01-2025, 09:22, посмотрело: 28

0 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы Абибулла Айғаным 2025 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада Құқық негіздері пәні бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жеңімпазды мектеп директоры 
Г.Р. Жаманова шын жүректен құттықтап, алдағы олимпиадаларда биік белестерді бағындыруға сәттілік тіледі. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Раушанова Толқын. Жеңімпаз бен жетекшіні құттықтаймыз!!!???????????? 

Категория:

 

"BE STAR" "Жұлдыз бол" VІІІРеспубликалық Өнер конкурсы

Автор: admin от 13-12-2024, 14:00, посмотрело: 31

0

"BE STAR" "Жұлдыз бол" VІІІРеспубликалық Өнер конкурсына 

7 сынып оқушысы Ізбасқан Жанасыл Бас жүлдемен марапатталып, 

6 сынып оқушысы Аманджан Жансая 1 орынмен марапатталды. Оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз. Жетекші Шигирбаева Замира Сибанбайевна

№1 мектеп-гимназиясы "Үздік ұжым" номинациясымен марапатталды. Мектеп директоры Жаманова Гульпаш Рамазановнаға Алғыс хат жарияланды.


Категория:

 

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫ

Автор: admin от 13-12-2024, 13:56, посмотрело: 31

0

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН II РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН№1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ АБИБУЛЛА АЙҒАНЫМ

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН МАРАПАТТАЛЫП, ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.

Жеңімпазды және жетекшісі Раушанова Толқын Қаржаубайқызын құттықтаймыз!!! Айғанымға білім жолында жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine