Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Денсаулық күні

Автор: marat от 19-10-2019, 16:00, посмотрело: 729

0         Мектебімізде "Денсаулық" күніне орай спортық-эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараның мақсаты ұстаздар арасында салауатты өмір салтын ұйымдастыру. Іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысқан тәрбие және дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұстаздарына алғыс білдіреміз. 

Категория: , , ,

 

"Сыр-сұхбат"

Автор: marat от 15-10-2019, 13:59, посмотрело: 657

0
         "Сыр-сұхбат" бағдарламасы өтті. Бұл бағдарламаның мақсаты балаларды мамандық таңдауға бағыттай отырып, ашық сұрақ қоюға негіздей білу. Бағдарламаның қонағы мейірімді ана, ақжарқын әже, адал дос, парасатты басшы- Жаманова Гульпаш Рамазанқызы. Бағдарлама барысында балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп, тапсырмаларды орындап, сюжеттермен танысты. Ең жақсы сұрақ қойған оқушыға сыйлық беріліп, қонағымыз көңіл-күйін смайликтер арқылы білдірді.



Категория: , ,

 

Мырзакулова Венера

Автор: marat от 14-10-2019, 21:00, посмотрело: 785

0
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай 1 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып  оқушылары арасында мәнерлеп оқудан ұйымдастырылып жатқан онлайн байқауына қатысушы 9 "А" сынып Мырзакулова Венера

Категория: , ,

 

"Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бірлестігінің 10 күндігінің қорытындысы

Автор: marat от 14-10-2019, 17:00, посмотрело: 735

0
       Байзақ ауданы 1мектеп-гимназиясында 2-12қазан аралығында орыс тілі пəнінің 10 күндігі өтті. Жоспар бойынша 10күн ішінде түрлі іс-шаралар өткізілді. Мақсаты: оқушылардың интеллектуалды жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту; орыс тіліне құрмет жəне орыс тілі мəдениетімен танысып,оқушылардың білімін арттыру. Осы 10 күн ішінде оқушылар орыс тілінде өлең оқып,үй шаруасында қолданылатын ежелгі орыс халқының ыдыстарынан көрме ұйымдастырды. Үзіліс уақытында оқушылар өзара мақал-мəтел,жұмбақ жасырудан жарысып,орыс халқының ұлттық тағамдарынан жəрмеңке жасады. Сыныптан тыс бастауыш сынып оқушылары"Что за прелесть эти сказки!","Знай и люби русский язык";5-7сынып арасында "Знатоки русского языка",9-11сынып аралығы"В гости к Пушкину спешу..."тақырыбында өтілген мерекелік кеште оқушылар актерлық шеберліктерін көрсете білді.






 

Категория: ,

 

Онлайн байқау

Автор: marat от 14-10-2019, 17:00, посмотрело: 597

0
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі аясында Абай Құнанбаевтың 175жылдығына орай 1 мектеп-гимназиясының 5-11 сынып  оқушылары арасында мәнерлеп оқудан онлайн байқау өткізеді. Байқау жеңімпазы ең көп лүпіл жинаған оқушы атанбақ. Жеңімпаз арнайы сыйлықпен марапатталады. Осыған орай мектеп оқушыларын белсене қатысуға шақырамыз. Жұмыстар 87083491626 нөміріне жолдану керек.  Видео материалдың сапасы жоғары болуы шарт. Жеңімпаз 24 қазан күні белгілі болады. Туған тіліміздің мәртебесін көтеруге бірге атсалысайық!!!

Категория: ,

 

ҚМЖ жасау жолдары

Автор: marat от 21-09-2019, 18:00, посмотрело: 675

      Бүгін мектебімізде қысқа мерзімді жоспар жасау жолдары (ҚМЖ) туралы мектепшілік шеберлік сабақтары өтті. Атап айтқанда, мектебіміздің ұстаздары Р.Махамбетова, Г.Айтымбетова, А.Төлепбергенова, А.Досжанова, С.Абдукаримова, Л.Нұрманова, А.Ахметова, Н.Молдашева, Т.Раушанова өздерінің курста оқып, үйреніп келген іс-тәжірибелерімен бөлісті.














Категория: ,

 

Өрлеу 2019

Автор: marat от 21-06-2019, 12:01, посмотрело: 639


Категория: ,

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Автор: marat от 28-05-2019, 16:00, посмотрело: 674

       Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында  2019 жылдың  28 мамыр күні  Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды.  Күн тәртібінде: Оқу-тәрбие жұмысының  барысы, білім сапасы туралы мектеп-гимназия директоры Г.Жаманованың  Қамқоршылық кеңесі алдындағы  есебі тыңдалды. Мектептің материалдық -техникалық базасын нығайту мәселелері де қарастырылып, кеңес мүшелері К. Игенбаева, Ж.Надирбекова, Қ.Ақтаева, кеңеске қатысқан ата-аналар комитетінің төрайымдары мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, басқа да мәселелер жөнінде  өз пікірлерімен бөлісті.









Категория: ,

 

"Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау"

Автор: marat от 25-05-2019, 17:23, посмотрело: 964

       Бүгін мектебімізде "Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла соңғы қоңырау" атты іс-шара өтті. Іс-шараға ата-аналар, 1, 11-сынып мектеп бітіруші түлектер, осыдан 40 жыл бұрын осы мектепті оқып бітірген, кешегі оқушы, бүгінгі ел ағалары және мектебіміздің ұстаздары қатысты. Іс-шара барысында Мектеп-гимназия директоры Г.Р.Жаманова мектеп бітіруші түлектерге, ата-аналарға, ұстаздарға өзінің ақ тілеген айтып, алда келе жатқан мектеп бітірушілерге арналған Ұлттық Біріңғай Тесттілеуде жоғары нәтижеге қол жеткізетіндеріне өз сенімін білдірді. 







Категория:

 

Хабарландыру

Автор: marat от 23-05-2019, 10:53, посмотрело: 698

Хабарландыру
2019 жылы мамырдың 28-і күні Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтетіндігін хабарлаймыз
                                            Күн тәртібіндегі мәселелер: 
1.Мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, 11 сыныптардың ҰБТ-ға дайындығы, білім сапасы туралы ата-аналар алдындағы есебі. 
2.Қамқоршылық кеңесінің жылдық есебі 
3. Мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы.

Категория: ,

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine