Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Футбол күні

Автор: marat от 25-04-2019, 09:23, посмотрело: 923

     Бүгін мектебіміздің дене шынықтыру бірлестігінің және "Тараз" кәсіпқой футбол клубының ұйымдастырумен 3,4,5 сынып оқушылар арасында кіші футболдан мектеп біріншілігі өтті. Іс-шараның мақсаты жас жеткіншектер арасында салауатты өмір салтын ұстану. Іс-шара 25 сәуір "футбол" күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара соңында 1,2,3 орын алған командаларға диплом мен кубок табыс етілді.






Категория: ,

 

Оқушылар жетістігі

Автор: marat от 22-04-2019, 10:21, посмотрело: 687






Категория: ,

 

Мектеп ұстаздарының жетістіктері

Автор: maratit от 20-04-2019, 19:03, посмотрело: 846

   Мектеп-гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазанқызы аудандық, облыстық, республикалық деңгейіндегі түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орын алған мектеп ұстаздарын құттықтап, диплом, сертификаттарын табыс етті.  








Категория: ,

 

"Тиімді сабақ жоспарлау, бақылау және рефлексия"

Автор: maratit от 20-04-2019, 18:56, посмотрело: 983

       Директордың оқу-әлістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ө.Алданбекова "Тиімді сабақ жоспарлау, бақылау және рефлексия" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты мұғалімдерге тиімді сабақты қалай жоспарлау, әзірлеу керек екендігі туралы ұсынымдар беру, таныстыру.


Категория: ,

 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл іс-әрекет туралы" заңы

Автор: maratit от 20-04-2019, 11:02, посмотрело: 761

   Мектеп-гимназия директоры Г.Жаманова педагог қызметкерлерді 2015 жылғы 18 қарашадағы ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңына сәйкес қаржы жинамау туралы тармақтарымен және антикоррупциялық стандарттық жобасымен таныстырды. 




Категория:

 

"Ақ Бота" халықаралық марафоны

Автор: maratit от 11-04-2019, 11:42, посмотрело: 607

        Халықаралық "Ақ бота" марафонына мектебімізден 87 оқушы қатыстырылып, нәтижесінде 63 оқушы жетістікке жетіп, дипломмен мараппатталды.

Категория: , ,

 

"Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз"

Автор: maratit от 10-04-2019, 17:49, посмотрело: 898

    №1 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Сарсенбаева Лаура аудандық "Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтар байқауына қатысып, бас жүлде жеңіп алды. Аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне қатысып, ІІ дәрежелі диплом алып, Республикалық кезеңіне жолдама алды.



Категория: , ,

 

"Ұлыстың ұлы күні, Наурыз"

Автор: maratit от 20-03-2019, 15:30, посмотрело: 882

       Мектебімізде "Ұлыстың ұлы күні, Наурыз" мерекесіне байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп ауласына тал отырғызу, оқушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мерекелік "Наурыз көже" дайындап мектеп оқушылары мен ұстаздарға мерекелік дастарған әзірледі. Мектеп басшысы Г.Р.Жаманова және ардагер ұстаздарымыз оқушылар мен ата-аналарға бата-тілектерін айтып, алғыс білдірді!!!








Категория:

 

"Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?"

Автор: maratit от 20-03-2019, 10:01, посмотрело: 801

       Байзақ ауданы "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" ұйымдастырумен өткен "Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?" атты аудандық пікірсайысқа мектебіміздің атынан "Жас ұрпақ" және "Екі есе қауіп" командалары қатысты. Пікірсайыс қорытындысы бойынша "Екі есе қауіп" ІІ орын, "Үздік спикер", "Жас ұрпақ" командасы алғыс хатпен марапатталды. Командаларды дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Садықова Айжан Джумабаевна.



 

Категория: , ,

 

"Ең үздік кітап оқитын мектеп"

Автор: maratit от 20-03-2019, 09:57, посмотрело: 674

          №1 мектеп - гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесіне сәйкес, «100 кітап» жобасы аясында, үстіміздегі жылғы 20 наурыз күні кітапханашылардың ұйытқы болуымен Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы, №1, Сарыкемер, Н.Киікбаев мектеп-гимназиялары мен Ю.Гагарин орта мектебі және Қосақ негізгі мектебі кітапханашылары арасында "Ең үздік кітап оқитын мектеп" тақырыбында аймақтық байқау ұйымдастырылды.


 

Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine