Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Білімді ұрпақ-ел болашағы

Автор: adminmg от 18-01-2019, 19:03, посмотрело: 969

Байзақ ауданы № 1 мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 18 қаңтар күні 
ДТІЖО И.Н.Мектепбаеваның ұйымдастыруымен «Білімді ұрпақ-ел болашағы» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 
Мақсаты: Аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттау. Салтанатты жиын осы оқу жылында білім белесін бағындырған аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттауға арналды. Сондай-ақ, балаларының интеллектуалды дамып, жан-жақты болулары үшін педагогтарға көмек көрсетіп жүрген ата-аналарға да алғыс айтылды. Биылғы оқу жылында аудандық пән олимпиадасына 38 оқушы қатысып, соның ішінен 17 оқушымыз өз білімдерін білім додасында дәлелдеді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген оқушылардың облыстық олимпиадасында 2 оқушымыз жүлделі орынға ие болды.Мектеп-гимназия директоры Жаманова Гүлпаш Рамазанқызы салтанатты жиынды ашып, олимпиада жүлдегерлерін дипломдармен марапаттады.Сонымен қатар шәкірттерге білім беруде талмай еңбек етіп, білгенін жетілдіру жолында,үнемі ізденісте жүрген озық ұстаздарымыз орыс тілі пәнінің мұғалімі Абдукаримова Сара Рахымбекқызы мен тарих пәнінің мұғалімі Молдашева Нұргүл Байұзаққызы сөз сөйлеп, олимпиада жүлдегерлері Бақытбекұлы Егемберді, Қирашова Жайна, Сүндетова Ақшолпан ұстаздарына жүрек жарды алғысын білдірді. Салтанатты жиында ата-аналары атынан Шубекова Гүлайым Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйледі. 







Категория:

 

Директордың 2019 жылға арналған есеп беру кестесі

Автор: adminmg от 9-01-2019, 10:10, посмотрело: 801

Мектеп-гимназия директоры Г.Р.Жаманованың 2019 жылға арналған қамқоршылық кеңесі алдында есеп беру кестесі

Категория: , ,

 

Облыстық пән олимпиадасы

Автор: maratit от 5-01-2019, 12:07, посмотрело: 760

      05.01.2019 ж күні облыстық пән олимпиадасына 9 - сынып оқушысы Е.Бақытбекұлы құқық пәнінен қатысып ІІІ орын, орыс тілі пәнінен 9 сынып оқушысы Ж.Қирашова ІІІ орынды иеленді. 

Категория: , , ,

 

Үздік педагог - 2018

Автор: adminmg от 11-11-2018, 22:49, посмотрело: 955

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН ҮЗДІГ ПЕДАГОГ-2018 БАУҚАУЫНЫҢ 1-ОРЫН ИЕГЕРІ СҮГІРБЕКОВА ҮМІТ ІЗБАСАРҚЫЗЫН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Категория: ,

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine