Табылдиев Кеңесбай

Автор: admin от 29-10-2020, 14:50, посмотрело: 363

0

                 Табылдиев Кеңесбай

    Геология-минералогия ғылымының докторы

1931 жылы  24 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында  дүниеге келген.

1939-1946 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің   алғашқы түлектерінің бірі.

1953 жылы Қазақ тау-кен және металлургия институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 

1953–1957 жылдары  Шолақтау   кенішінде геолог.

1957–1976 жылдары  Қазақ КССР-і Ғылым Академиясының геология ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі.

1976–1992 жылдары  Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтау бөлімшесінде геология факультетінің меңгерушісі,  доцент,  профессор. 

1996 жылдан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызмет атқарды. «Закономерности размещения фосфоритоносных формаций Южного Казахстана и перспективы поисков фосфоритов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 

50-ден астам ғылыми жұмыстардың  авторы. 

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.