» » «Ғарыш көрген үш қазақ» тақырыбында көрме өткізілді

 
 
 

«Ғарыш көрген үш қазақ» тақырыбында көрме өткізілді

Автор: admin от 13-04-2021, 15:26, посмотрело: 163

0
№1мектеп-гимназиясы 08.04.2021ж күні мектеп кітапханасында» «Ғарыш көрген үш қазақ» тақырыбында көрме өткізілді. 1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді.  Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: 
Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды.
  Кітапхана көрме ұйымдастырылып,  космос әлеміне алғаш рет жол салған №1 космонавт Юрий Гагарин және басқа да халықаралық экипаждар туралы  материалдар қойылды.
Қазақстанда космос кеңістігін зерттеу туралы жазылған ғылыми еңбектер, еліміздің ғарышкер-ұшқыштары, халық батырлары Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі, қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныстырылды.

Категория:

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.