» Материалы за Март 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Ұлыстың ұлы күні, Наурыз"

Автор: maratit от 20-03-2019, 15:30, посмотрело: 881

       Мектебімізде "Ұлыстың ұлы күні, Наурыз" мерекесіне байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, мектеп ауласына тал отырғызу, оқушылар арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар мерекелік "Наурыз көже" дайындап мектеп оқушылары мен ұстаздарға мерекелік дастарған әзірледі. Мектеп басшысы Г.Р.Жаманова және ардагер ұстаздарымыз оқушылар мен ата-аналарға бата-тілектерін айтып, алғыс білдірді!!!








Категория:

 

"Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?"

Автор: maratit от 20-03-2019, 10:01, посмотрело: 800

       Байзақ ауданы "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" ұйымдастырумен өткен "Жаңа заман, жаңа салт-дәстүрді талап ете ме?" атты аудандық пікірсайысқа мектебіміздің атынан "Жас ұрпақ" және "Екі есе қауіп" командалары қатысты. Пікірсайыс қорытындысы бойынша "Екі есе қауіп" ІІ орын, "Үздік спикер", "Жас ұрпақ" командасы алғыс хатпен марапатталды. Командаларды дайындаған тарих пәнінің мұғалімі Садықова Айжан Джумабаевна.



 

Категория: , ,

 

"Ең үздік кітап оқитын мектеп"

Автор: maratit от 20-03-2019, 09:57, посмотрело: 674

          №1 мектеп - гимназиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жоспарланған іс-шаралар тізбесіне сәйкес, «100 кітап» жобасы аясында, үстіміздегі жылғы 20 наурыз күні кітапханашылардың ұйытқы болуымен Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы, №1, Сарыкемер, Н.Киікбаев мектеп-гимназиялары мен Ю.Гагарин орта мектебі және Қосақ негізгі мектебі кітапханашылары арасында "Ең үздік кітап оқитын мектеп" тақырыбында аймақтық байқау ұйымдастырылды.


 

Категория:

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Автор: maratit от 18-03-2019, 09:48, посмотрело: 893

     Мектебімізде қамқоршылық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібінде мектеп инспекторының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі тыңдалды. Екінші мәселе білім беру ұйымында спортты дамыту, дарынды оқушыларды қолдау көрсетудің нәтижелері. Аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері. Ағымдағы мәселелер қаралды.  


Категория: ,

 

"Қалыптастырушы бағалау - мұғалім тәжірибесінде"

Автор: maratit от 14-03-2019, 15:27, посмотрело: 807

       Бүгін мектебімізде "Қалыптастырушы бағалау - мұғалім тәжірибесінде" атты аудандық семинар-практикум өтті. Мектебіміздің мұғалімдері серіктес мектептерден келген ұстаздарға өз тәжірибесімен бөлісті.



Категория: ,

 

Қамқоршылық кеңес отырысы

Автор: maratit от 14-03-2019, 15:00, посмотрело: 722

     Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясында  2019 жылдың  14-ші Наурыз күні  Қамқоршылық кеңесінің отырысы болды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы П.Ахметов күн тәртібімен таныстырып, отырысты ашып берді. Қамқоршылық  кеңес отырысына Байзақ ауданы «Нұр Отан» партиясының төрайымы Байтақова Шолпан Қайратқызы  қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша: мектеп инпекторы Байзақ АПБ ЖПҚБ ЮПТ  УПИ полиция лейтенанты  М.С. Умирбековнаның  Қамқоршылық кеңесі алдындағы  есебі тыңдалды. Қамқоршылық кеңес мүшесі  К.Т.Игенбаева   мектептің   ағымдағы жазғы жөндеу жұмыстары жайын айтып, ата-аналарды, басқа да кәсіпкер азаматтарды  демеуші  болуға шақырды. Кеңеске қатысқан ата-аналар комитетінің төрайымдары өз пікірлерімен бөлісіп, ата-аналардың  демеуші болуын қолдайтындықтарын айтты.






Категория: , ,

 

Қоғамдық қабылдау күні

Автор: maratit от 13-03-2019, 17:31, посмотрело: 793

1

                Байзақ  ауданы   №1  мектеп-гимназиясында 2019 жылдың 13 наурыз күні   мектеп-гимназия директоры  Г. Жаманованың   азаматтарды қоғамдық қабылдау күні  болды. Қоғамдық қабылдау күні мектеп-гимназия директоры Г.Жаманова, мектептің Қамқоршылық кеңесі мүшесі  К.Игенбаева, кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Басықараев, әлеуметтік педагог Х.Усманова, психолог Ж.Широва  ата-аналардың    тәлім-тәрбие саласына қатысты  сұрақтарына   толық жауап беріп, олардың ұсыныс, талап тілектерін жазып алды. 









Категория:

 

Жұлдызай фестивалі

Автор: maratit от 11-03-2019, 18:11, посмотрело: 753

  Байзақ  ауданы  №1   мектеп-гимназиясында  әлеметтік   педагогтар Х.Усманова мен К.Иманалиеваның  ұйымдастыруымен  5 –ші сәуір күні Тараз қаласында өтетін мүмкіндігі шектеулі  балалардың шығармашылық қабілеттерімен  мүмкіндіктерін дамытуға арналған «Жұлдызай» фестивалінің   аудандық  іріктеу кезеңі  өткізілді. Фестивалға мектебімізден денсаулығына байланысты үйде оқытылатын 8 сынып А. Тұрдиева  «Қолөнер»   жетекшісі  А.Садықова,  Г. Аманбай «Вокал» жетекшісі Ұ.Жанбаева, жеңілдетілген бағдарламамен  оқитын Исламов Ердос «Бейнелеу», Нұрметов Елдарбек «Бейнелеу», Сейтов  Хайдар «Вокал», Өмірзақ Ерасыл «Вокал», Болат  Айаужан «Би» номинациялары бойынша қатысып, көпшілікті  өнерлерімен тәнті етті. Жетекшілері А.Дүйсенбаева мен А.Сарсинбаева.            Фестивальдің қазылар алқасы ОПМК  бас маманы А.Н. Наурызбаева, білім бөлімінің әдіскері   Р.С.Сабитбекова фестиваль қатысушыларына сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.









Категория:

 

8-наурыз Аналар мерекесі

Автор: maratit от 7-03-2019, 18:16, посмотрело: 1125

  Бүгін мектебімізде 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында мектебіміздің директоры Г.Р. Жаманова ұстаз аналарды мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Мерекеге орай түрлі номинация бойынша ұстаз аналарымызға алғыс хат, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мектебіміздің ұстаз ағайлары дайындаған аналарға арналған ән,би жырмен жалғасын тапты.





Категория: ,

 

Хабарландыру

Автор: maratit от 6-03-2019, 10:11, посмотрело: 882

          Құрметті Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының тұрғындары! 2019 жылдың 13 наурыз күні сағат 9:00 ден бастап 1 мектеп-гимназиясының директоры Жаманова Гульпаш Рамазанқызы қоғамдық қабылдау жүргізеді. Сіздерді іс-шараға келіп қатысып, өзіңізді толғандырған сұрақтарға толық жауап алуға шақырамыз. 
Мекен-жайымыз: Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Қонаев көшесі 137, мектептің акт залы. Байланыс телефоны: 8 72637 2-24-60 

Категория: , ,

 
Назад Вперед