Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Табылдиев Ұябай

Автор: admin от 23-10-2020, 15:19, посмотрело: 256

0

Табылдиев Ұябай

            1901-1939 жылы Байзақ ауданында оқу-ағарту ісін тұңғыш ұйымдастырушы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің іргетасын қалаған, осы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берген алғашқы ұстаз.

    1901 жылы Сырдария губерниясы Әулие–Ата уезі Мақпал болысының бірінші ауылында дүниеге келген. Бектеміс елінің Қармыс атасынан тараған Табылды ақсақалдың алты ұл, үш қыздың арасындағы кенжесі. Он төрт жасына дейін әке-шешесінің тәрбиесінде болып, ауыл молдасынан дәріс алып, арабша хат таныған. Жаңаша білім алу үшін 

1924 жылы Әулие-Атаға барып, интернатта жатып оқыған. В.И.Ленин атындағы орта мепктептің 5-сыныбына  қабылданып, оны 1927 жылы бітірген. Сол жылы ұлттық мамандар дайындайтын алты айлық курсты бітіріп, іс жүргізуші  дәрежесіне ие болды. 

1927-1931 жылдары Меркі ауданының үшінші ауылында қазақ мектебінің мұғалімі болып істеді. 

1931–1933 жылдары Әулие–Атадағы өлкелік Казпедтехникумда оқып , оны бітіргеннен кейін бірінші дәрежелі оқытушы және балалар үйінің тәрбиешісі мамандығын алған. Содан кейін Тастөбе, Билікөл интернаттарында оқытушы әрі тәрбиеші болып істеп, кейін интернаттың директоры қызметін атқарған.

 1935 жылы Ақыртөбе мектебінде мұғалім болып істеген. Сол жылы күзде «Жасөркен» колхозындағы мектептің директоры болып тағайындалған.

      1938 жылы Алматының пединститутына сырттай оқуға түседі. Келесі жылы жаңадан құрылған Байзақ  (Свердлов) ауданы оқу бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалады. Ауданда оқу-ағарту ісін ұйымдастырып, халық-ағарту саласының алғашқы өкілдерінің бірі болған. Кейін  аудандық партия комитетінің ұйғарымымен аудан орталығы Сарыкемер  (Михайловка) селосындағы тұңғыш  орта мектептің директоры болып тағайындалып, осы мектептің сол кездегі жаңа ғимаратын салдырған.

      1941 жылдың көктемінде аудандық партия комитетіне қызметке ауыстырылды. Көп ұзамай соғыс басталып, 1942 жылы шілде айында әскерге алынады. Саяси қызметкерлер даярлайтын Ташкенттегі алты айлық курста оқып, лейтенант шеніндегі офицер әскери бөлімінің саяси жетекшісі қызметін атқарды. Желтоқсан айының 19 күні   Воронеж облысында Новая Калитва селосының маңындағы 176,2 биіктігін алған кезіндегі болған үлкен шайқаста Ұябай Табылдыұлы  ерлікпен қаза табады. Новая Калитва ортасында орналасқан  совет жауынгерлерінің бауырластар зиратында жерленген. Село маңындағы Миронов тауында  мемориалдық кешені ашылған, онда екі мыңнан астам қаза тапқан жауынгерлердің  аттары жазылған, сол тізімге Ұябай Табылдыұлының атын қосуға да бұйрық берілді.

  2001 жылы Жамбыл облысы Байзақ  ауданының жұртшылығы  халық-ағарту ісіндегі зор еңбегін бағалап аудандық оқу-ағарту кеңсесінің маңдайшасына оның бейне тақтайшасын  орнатты

Категория:

 
 

Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы

Автор: admin от 23-10-2020, 15:07, посмотрело: 281

0

                   Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы

 1968 жылы Свердлов ауданы Суханбаев колхозында дүниеге келген. 

1975-1985  жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің түлегі. 

1985-1990  жылдары Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік қыздар институтының филология факультетін бітірді. 

1990-2000 жылдары Алматы қаласындағы № 43 мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. Отбасында 2 қыз тәрбиелейді. 

     Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының 80 жылдық мерейтойы құтты болсын. 

Білім ордасы жарты ғасырдан астам уақыт көптеген білімді шәкірттерді баптап, өмірге қанат қақтырған киелі шаңырақ. 

Алтын ұя мектебіміздің, хан сарайына бергісіз ақ ордамыздың 80 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қазақстанның көк байрағын биік ұстар азаматтарымыз осы мектептен тәрбиеленіп, даңқы аса берсін! Алда талай белестерге жетіп, асқар шыңдардан аса беруіне шын жүректен тілектеспін!

Категория:

 

Кулбасов Аслан Жалғасбайұлы

Автор: admin от 23-10-2020, 15:05, посмотрело: 378

0

                                               Кулбасов Аслан Жалғасбайұлы

1981 жылы 27 шілдеде   дүниеге келген.

1987 -1992 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебін бітірді.

      1998-2003  жылдары Краснодар қаласындағы әскери – әуе институтында оқыды. 

      2003-2012 жылдары Талдықорған қаласындағы әскери –әуе базасына жолдамамен келіп,  жұмыс істейді.

2012-2013 жылы  Н.Е Жуков және  Ю.А.Гагарин атындағы әскери –әуе академиясының ғылыми орталығына оқуға түсіп, үздік дипломмен бітіреді.

Бүгінгі күні әскери –әуе базасында басшы болып жұмыс атқарады,  әскери шені – подполковник.

Елі мен жерін ардақтайтын, ұлтын ұлықтайтын, қазақ елінің абыройы өрлей түсуіне қызмет ететін азаматтар осы білім ошағынан әлі де көптеп шыға беретініне біз әрқашан сенеміз. 

        Отаншыл, елшіл ұрпақ тәрбиелеуде төккен терлеріңіз жемісті болып, қиыншылығы мен жетістігі қатар жүретін ұстаздық еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!



Категория: