» Материалы за Октябрь 2020 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Болшыбеков Алмаз Инкарбекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 14:18, посмотрело: 307

0

Болшыбеков Алмаз Инкарбекұлы

1977 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген.

1984-1994 жылдары Қазақстаның 40 жылдығы орта мектебіне бірінші сыныпқа  барып, орта білім аттестатын алды. 

1994 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласындағы Медициналық колледжінің «Тіс дәрігері» мамандығына оқуға түсті. 

1997 жылы аталған колледжді бітіріп, тіс дәрігері мамандығына ие болды.

2010-2015 жылы Алматы қаласындағы С.Д.Асфендиаров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне «Денсаулық сақтау және басқару» мамандығы бойынша оқу бітірді.

1997 жылдан бастап Сарыкемер ауылындағы Байзақ шаруашылық есеп емханасында тіс дәрігері болып  жұмыс істеді. 

1998-2002 жылдар аралығында ЖШС «Арай-ДЕНТ» мекемесінде тіс дәрігері.

2002-2004 жылдарында ЖШС  «Арай-ДЕНТ» мекемесінде директор қызметін атқарды. 

2004-2012 жыл ЖШС «Шипагер» мекемесінде тіс дәрігері.

2013 жылы жеке тіс емханасын ашып, қазіргі күнге дейін тіс емханасын басқарады.

Категория:

 

Мамраимов Ерғалым Нұрсәлімұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:45, посмотрело: 265

0

                    Мамраимов  Ерғалым   Нұрсәлімұлы

1976 жылы 18 қазанда дуниеге келген. 

1993-1998 жылдары Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде оқыған. Қазақ, орыс, жапон, ағылшын тілдерін меңгерген.

1998-2004 жылдары  «Иточу» корпорациясының Қазақстандағы өкілдігінің менеджері, Өкілдік бастығының орынбасары.

2004-2005 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің екінші хатшысы.

2005-2008 жылдары ҚР Жапониядағы Елшілігінің хатшысы.

2008-2014 жылдары «Сэнко» корпорациясының Қазақстандағы өкілділігінің басшысы

2014-2016 жылдары «Сэнко-Ланкастер Силк Роуд Логистикс» Қазақстан –Жапония бірлескен кәсіпорынның президенті.

2016-2017 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің кеңесшісі.

2017 жылдан бастап ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі.

Категория:

 

Нұрбаев Өнербек Әбдіжәділұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:43, посмотрело: 242

0

                 Нұрбаев Өнербек Әбдіжәділұлы


1967 жылы туылған. Мәдениет саласында 1985 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 

1988 жылы  мәдениет   үйіне  қарасты  «Шолпан» халық ән-би ансамблінің  көркемдік жетекшісі, танымал әнші 

1991 жылы  Амангелді   ауылдық  мәдениет  үйінің директоры.

 1998-2011 жылдар аралығында  аудандық   мәдениет  үйінің  директоры   қызметін  атқарды. 

Бүгінгі күні аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекші қызметін атқаруда.

  Сонымен   қатар  аудандық  мәдениет   үйінде  қызмет  жасаған уақыттан бері  өзі   домбырашылар  үйірмесін ашып, мектеп оқушыларын  осы  өнерге қызықтырып,  оның   жұмысын  жандандыруда.     Аудандық  мәдениет   үйінде  өткізіліп жатқан  барлық   көпшілік  мәдени  іс-шараларға   жетекшілік  етеді,  теоретикалық дайындық  деңгейі, іскерлігі жоғары.

 2003 жылы Шымкент қаласында өткен «Елім менің» Республикалық патриоттық әндер байқауында орындаушы номинациясы бойынша І орынды иеленді. 

2009 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері.




Категория:

 

Оңғарбаев Мұхан Жетпісбайұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:39, посмотрело: 192

0

                           Оңғарбаев Мұхан Жетпісбайұлы 

1961 жылы 29 тамызда дүниеге келген. 

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын Москва қаласындағы Совет-Италия бірлескен кәсіпорнының сақтандыру ісін жүргізу жөніндегі оқуын, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін бітірген. 

1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы  бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының  оқу  бағдарламасын аяқтап, бағалы қағаз  нарығындағы 1-ші дәрежелі мамандығын,  Американың Каунтерпарт Консорциумының Қазақстандағы регионалдық бөлімінде оқу бағдарламасын бітіріп, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жоспарлау маманы дәрежесін алған. 

1986 жылы облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып қызмет еткен. 

1988 жылы   республика көлемінде алғашқы болып, баламалы сайлауда Байзақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.  «Эгида» сақтандыру компаниясының президенті, «Алға» акционерлік банк төрағасының орынбасары.

 1996 жылы  «Парасат» қайырымдылық қорының  құрылтайшысы, әрі төрағасы міндетін атқарды.

1998 жылы аудан әкімінің орынбасары, «Энергосбыт» ЖШС директоры, «НефтеГазДем» жинақтаушы зейнетақы қорының облыс бойынша аумақтық директоры, «Казкоммерцбанк» ААҚ-ы аймақтық сауда –саттыққа қолдау көрсету Департаменті менеджерлер тобының   аймақтық менеджері, «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қорының  Оңтүстік аймақ бойынша аймақтық директоры, «Финкапитал» шағын несие ұйымы қоғамдық қорының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім бастығы міндеттерін атқарды.

Өмірінің соңына дейін ТарМПИ-де қызмет етті. 


Категория:

 

Құмғанбаев Нұркен Жұманғалиұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:38, посмотрело: 196

0

                    Құмғанбаев Нұркен Жұманғалиұлы

1979жылы 5 ақпанда дүниеге келді. 1996-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының  Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құқықтану» мамандығында оқыған. 

2001 жылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының Байзақ ауданы бойынша бас маманы болып бастаған.

2002-2015 жылдар аралығында Қарағанды облыстық соттар әкімшісі Теміртау қалалық сот отырысының   аға маманы-хатшысы, сот орындаушысы, Байзақ аудандық медециналық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінде бас маман-заңгер, Байзақ аудандық Әділет басқармасында бас маман, Жамбыл облысы Әділет Департаментінің сот актілерін орындау бойынша қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда, Мойынқұм аудандық Әділет басқармасының басшысы болып қызмет атқарып келеді. 

Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында талап қоя біледі, қызметтік міндеттеріне адал  қызмет атқарып келеді. Жоғары еңбек қабілеттілігімен ерекшеленеді.


Категория:

 

Бейсеубаева Зауре Алимханқызы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:36, посмотрело: 223

0

                    Бейсеубаева Зауре Алимханқызы

1961 жылы 24 мамырда дүниеге келді.

1968-1978 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде білім алды.

1978-1982 жылдары Жамбыл технология институтына түсіп, бухгалтер-экономист мамандығын алды.

1982-1998жылдары бухгалтер болып жұмыс істеді.

1998-2000 жылдары Жамбыл облыстық әкімшілігінде бухгалтер болып жұмыс атқарды.

2000-2003жылдары «Туран Әлем» банкінің бухгалтері.

2003 жылдан бастап осы күнге дейін «Қазақстан теміржолы»  Жамбыл бөлімшесінде бухгалтер болып қызмет атқаруда. Екі ұл, бір немере қыз тәрбиелеп отыр

Категория:

 

Дидарбеков Әбдісаттар

Автор: admin от 29-10-2020, 12:34, посмотрело: 206

0

                              Дидарбеков Әбдісаттар


1936 жылы 17 мамырда Жамбыл облысы Свердлов ауданы  Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген. 

1949-1954 жылдары 7 жылдық орыс-қазақ мектебінің қазақ сыныбының алғашқы түлегі.

1956-1959 жылдары Алматы Қазақ кинотехникумын бітірді. 

1959-1961 жылдары Жамбыл облысы кинофикация бөлімінде аға инженер болып жұмыс істеді. 

1961-1972 жылдары Свердлов аудандық киножүйелер бөлімінде техник болып істеді.

1972-1996 жылдар аралығында Свердлов ауданында почта бөлімінде радиооператор болып қызметін атқарды. 

Совет Одағында құрметті Радист  атағына ие болған.

Категория:

 

Исабаев Алмахан Аруанұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:32, посмотрело: 269

0

                           Исабаев Алмахан Аруанұлы

1961 жылы 3 тамызда дүниеге келген.

1979 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепті бітірді.

1979-1981 жылдар аралығында әскери борышын атқарды. 

 1981 жылдан бастап  аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде қызмет атқарып келеді. 

2003 жылы Тараз институтын бітірді.

2003 жылы тұңғыш «Елім менің» Республикалық патриоттық әндер байқауының лауреаты атанды.

2011 жылдан бастап осы мәдениет үйінің көркемдік-қойылымдық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. 

2010 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапатталды. 

2014 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі» төс белгісімен марапатталды. «Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздік» медалімен және «Мәслихат депутатының 20 жылдық» медалімен марапатталды.

2007 жылдан бастап аудандық мәслихаттың депутаты қызметін атқарады.

Категория:

 

Наурузбаев Шыңғысхан Сайлаубекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:30, посмотрело: 272

0

                        Наурузбаев Шыңғысхан Сайлаубекұлы

        1983 жылы 13-ші наурызда  дүниеге келді. 1999 жылы Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы  40-жылдық орта мектебін аяқтап, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясы (әрі қарай ҚазМЗА) жоғарғы оқу орнына түсті.

        Аталған ҚазМЗА 2003 жылы аяқтап, сол жылы  Жамбыл облысы прокурорының бұйрығымен, Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры қызметіне тағайындалды. 

2008 жылы Қордай ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметіне ауыстырылып ол жерде 1 жыл қызмет етті.

 2008 -2011 жылдары аралығында Жамбыл облысы прокуратурасының 2-ші басқарма прокуроры. 2011 -2012 жылдары Жамбыл ауданы прокурорының аға көмекшісі.

 2012 - 2013 жылы облыс прокуратурасының басқарма прокуроры.

2013 -2014 жылдар аралығында Сарысу ауданы прокурорының орынбасары. 2014 жылы Шу ауданаралық прокурорының орынбасары. 2015 жылы Мойынқұм ауданы прокурорының орынбасары. 2017 жылы Тараз қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры қызметіне ауыстырылды. 

Категория:

 

Айдаров Азамат Рапильбекович

Автор: admin от 29-10-2020, 12:24, посмотрело: 301

0

                  Айдаров Азамат Рапильбекович

1985 жылы 2 қыркүйекте Ресейдің Кострома облысында   дүниеге келген.

1-ші сыныпты Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің табалдырығын аттап, 2002 жылы мектепті үздік аттестатпен  бітірді.   

2002 жылы М.Х.Дулати Университетінің "Машины оборудование и защита окружающей среды" мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2007 жылы қызыл дипломмен оқуды бітірген. 

2007-2009 жылдары  Қазақ-Түрік Университетінің "қаржы-экономист" мамандығын бітірді. 

2011-2012 жылдары Алматы КазГАСА "Тепло-Газо снабжение,Вентиляция" мамандығы бойынша магистратураны бітіріп шықты.  

2007-2011 жылдан бастап " ENKA Иншаат ве Санойи Аноним Ширкети" Түрік құрылыс компаниясында инженер -механик мамандығы бойынша жұмыс жасап,

«Есентай Парктің»  жобасын жасады.   

2010-2011 жылдары Проектно - монтажная компанияда   "INTECRA"- инженер болып , HVAC проктісін жасады. 2011 жылдан бастап" Capifal parinerz" компаниясында директордың орынбасары болып қызмет жасайды.

Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine