» Материалы за Октябрь 2020 года » Страница 3

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Заурбеков Талғат Бөкейханұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:22, посмотрело: 354

0

            Заурбеков Талғат Бөкейханұлы

1963 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында  туылған.

 Жамбыл гидромелиоротехник-құрылыс институтын 1984 жылы бітірді.Мамандығы-инженер-гидротехник. Еңбек жолын1984 жылдан 1989 жыға дейін Свердлов ауданы «Метжолхозстрой» мекемесінде жұмысшыдан, ӨТБ инженері, құрылыс учаскесінің шебері болып бастады. 

1989-1992 жыға дейін Мойынқұм ауданы  «Жас Ұлан» савхозында құрылыс учаскесінің шебері.

 1992-1996 жылдары «Ұлан» шағын кәсіпорнының директоры .

 1996- 1998 жылдары АО «Ел ырысы» мекемесінде  қойма меңгерушісі.

 1998 жылы ОАО «Тараз» мекемесінде қойма меңгерушісі.

2000-2003 жылға дейін аталған мекемеде №1 цехтің бастығы. 

2003-2004 жылдары «Везит Сервис» ЖШС-де директорының орынбасары

2003-2004 жылдары «Байзақ Строй -2004» ЖШС-де прораб, бас инженер.

2006-2008 жылдары «Аулет 2005» ЖШС-де прорабі.

2008-2009жылдары «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не техникалық сұрақтар жөніндегі орынбасары.

2009жылы «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылығы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бастығы. 

2009 жылы «Жасыл Тараз МК» МКК директорының коммерциялық сұрақтары жөніндегі орынбасары.






Категория:

 

Әбдіғалиева Айжан Серікқызы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:20, посмотрело: 220

0

                          Әбдіғалиева Айжан Серікқызы

 1979 жылы Жамбыл облысы  Свердлов ауданы  Михайловка ауылында дүниеге келген. 

1987-1997 жылдар аралығында Қазақстанның 40 жылдығы атындағы  орта мектебінде оқып, білім алды. 

2002 жылы Ішкі істер органдары қатарына алынып, бүгінгі күнге дейін осы салада  қызмет атқарады.

        Қазіргі уақытта Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкері-полиция майоры. Қызмет атқару барысында ҚРІІМ және ІІД басшылығы атынан бірнеше мәрте марапатталған.

Категория:

 

Әбдіғалиев Серік Әбдіғалиұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:18, посмотрело: 234

0

                          Әбдіғалиев Серік Әбдіғалиұлы

1947 жылы  Жамбыл облысы Свердлов ауданы Көлқайнар ауылында дүниеге келген. 

1967-1969 жылдары Совет армиясының қатарына шақырылып, еңбек жолын Свердлов аудандық кинофикациясында механигі.

1970 жылдан бастап кинофикация инженері, аудандық кинофикация торабының бастығы  лауазымдарда қызмет  атқарды.

1981 жылы Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. 

1984 жылы Қазақстанның  40 жылдығы атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі  болып жұмысқа орналасты. Қатардағы мұғалімнен мектеп директоры лауазымына дейін (1990-1994ж.ж) көтерілді. 2010 жылы зейнеткерлікке осы мектептен  шығып, сол жылдың күзінде дүниеден өтті. 

Қызмет өткеру барысында ҚР Білім министірлігі, Жамбыл облысының әкімдігі, Байзақ аудандық білім беру бөлімдері тарапынан бірнеше мәрте марапатталған. 

Категория:

 

Мұсаев Бақытжан Сүгірбекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:15, посмотрело: 250

0

                         Мұсаев Бақытжан Сүгірбекұлы

                        Медицина ғылымының кандидаты. 

                        ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі.

1960  жылы 29 шілде дүниеге келді. 1982 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген, мамандығы- дәрігер  стоматолог.

2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын бітірген, мамандығы–экономист. 

1982 жылы Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасында дәрігер-интерн қызметін атқарды.

1983-1996 жылдары   Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасында  жоғарғы білікті санаттағы ортопед стоматолог-дәрігері.

1996-1998 жылдары  Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасының бас дәрігері.

1998-2004 жылдары «Олжас» ЖШС-нің бас дәрігері, «ДиАл» стоматологиялық мекемесінің директоры, Денсаулық сақтау Департаментінің бас стоматологы.

2004-2008 жылдары  Жамбыл облыстық балалар стоматологиялық емханасының бас дәрігері, Денсаулық сақтау басқармасының бас стоматологы.

2008   жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің стоматологиялық емханасының бас дәрігері.

 2009-2010 жылдары  С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Стоматология және жақ-бет хирургия» Республикалық оқу-ғылыми-клиникалық орталығының директоры.

2012 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұйымдастыру жұмыстары бойынша басқарма бастығы, МҚКК «№9 Қалалық емханасының» бас дәрігері.

2016 жылы  ШЖҚ «Балалар стоматологиялық емханасы» МКК бас дәрігері. 

 Әлеуметтік гигиена  және денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру ісінің жоғарғы білікті санаттағы стоматолог дәрігер. 


Категория:

 

Қалабаев Айдын Бахытбекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:12, посмотрело: 229

0

                          Қалабаев Айдын Бахытбекұлы

 1988 жылы 1 қыркүйекте Байзақ ауданы Дихан ауылында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын Түймекент ауыл мектебінен бастады. 

2002 жылдан бастап Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебіне ауысып, білімімді осы жерден жалғастырған. 

2004-2007 жылдары Тараз политехникалық оқу орнына түсіп, «Бухгалтерлік есеп» бөлімін бітіріп шықты. 

2007 жылы әскерге шақырылып, Отан алдындағы борышын өтеп келді. 

2008 жылдан бастап «Алди К» бухгалтер қызметін атқарады.

2010 жылдан бастап жеке кәсіпкер болып кіші бизнеспен айналысады.

Категория:

 

Шаухаров Хамиди Сұлтанқұлұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:08, посмотрело: 325

0

                    Шаухаров Хамиди Сұлтанқұлұлы

 1957 жылы 10 қазанда дүниеге келді.

1973-1979 жылдары  Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығын бітірді.

1987-1980 жылдар аралығында Жамбыл қалалық жедел жәрдем ауруханасында құлақ, тамақ және мұрын аурулары бойынша  интернатурадан өткен соң, алғашқы еңбек жолын аудандық ауруханада ЛОР дәрігері ретінде бастады. 

Он жылдан астам уақыт осы салада  абыройлы   қызмет атқарған соң, бертін келе   ауруханаға бас дәрігерінің  орынбасары, аудандық аурухананың бас дәрігері, облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде бас дәрігер, облыстық салауатты өмір  салтын қалыптастыру орталығының директоры, облыстық Қан орталығында директордың медицина ісі бойынша орынбасары қызметін атқарады. ҚР денсаулық сақтау министрінің, денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының, ҚР Білім және Ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитетінің «Нұр Отан» партиясының облыстық және де қалалық филиалының, облыстық және қалалық мәслихаттың, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының түрлі деңгейдегі марапаттарын иеленген.

 ҚР дәрігерлері мен привизорларының, салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен болған VII сьезінің, сондай-ақ, халықаралық ЮНИСЕФ, ЮСАИД ұйымдарымен тығыз жұмыста болып, 2005жылы Өзбекстан Республикасының Ферғана, 2007 жылы Ресейдің Санкт-Петербург, 2008жылы АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатының Роли қалаларында  өткен халықаралық конференцияларының делегаты.






















Категория:

 

Қуатбеков Қайыржан Еркінбекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:05, посмотрело: 471

0
            

                   Қуатбеков Қайыржан Еркінбекұлы

         1981 жылы 28 тамызда Жамбыл облысы  Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында дүниеге келген.

         1998-2002 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың «құқықтану» бөлімінде білім алған.

2003-2004жж. Жамбыл облысы Тараз қаласы прокуратурасында маман болып жұмыс атқарды.

     2005-2009 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурордың көмекшісі.

     2008-2009 жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы мемлекеттік ұйымдарға заңдылықты қамтамасыз ету бөлімі прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.

        2009-2010 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласында заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарды.    

     Жалпы қадағалау 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасында әлеуметтік-экономикалық  саласында заңдылықты қадағалау басқармасында прокурор қызметін атқарды.

       2011-2012 жылдары аталған   прокуратураның аға прокуроры болып қызмет атқарып, Жамбыл облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласында заңдылықты қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарды.    

         2012-2013жылдары Жамбыл облысы Тараз қаласы   прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саласында заңдылықты қадағалау  бөлімінің басшысы қызметін атқарды.     

        2013-2016жылдары Жамбыл облысы Мерке ауданы прокуратурасының орынбасары қызметін атқарды.  

     2016 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімшілік және азаматтық істері прокурорының орынбасары қызметін атқаруда.


Категория:

 

Шаймерден Айгерім

Автор: admin от 29-10-2020, 12:04, посмотрело: 354

0

                            Шаймерден Айгерім

1976 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. 

1993 жылы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепті бітірді. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университетіндегі Шығыстану факультетінің араб тілі бөлімінде жоғары білім алған.

1999-2014 жылдар аралығында 15 жыл отандық телевизияда қызмет еткен. «Қазақстан» ұлттық арнасы және «Астана» телеарнасында сарапшы, редактор, жаңалықтар жүргізушісі. 

2014 жылдан бері «А+1» продюсерлік орталығында музыкалық продюсер, редактор және ҚР Президентінің қатысуымен өтетін салтанатты шаралар жүргізушісі. Мәселен: «Универсиада 2017», халықаралық жобасы, «Алматының 1000 жылдығы» республикалық жобасының музыкалық продюсері, ҚР Президентінің «Алтын сапа» премиясының тұрақты жүргізушісі, Халықаралық «Астана экономикалық форумының» ұйымдастырушысы.



Категория:

 

Садубаев Алмас Кәдірбекұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 12:02, посмотрело: 351

0

                                 Садубаев Алмас Кәдірбекұлы


1984 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысында дүниеге келген. Журналист, Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.

2001-2005 жылдары М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың Журналистика факультетін үздік дипломмен тәмамдаған. 

   2005-2007 жылдары «Қайнар» университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. 

   2011 жылы Абай атындағы КазҰПУ-дың «Аймақтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған.Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы Облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 

   2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы; 

   2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, PR-директор қызметтерін атқарған.

   2008-2010 жылдары Алматы қаласында Республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы, 

   2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасының баспасөз хатшысы.

   2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген. 2011-2015 жылдар аралығында «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры.

   2015 жылдың 25 ақпанынан бастап Министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры.

         Қоғамдық қызметі

         Қазақстанның Бас редакторлар клубының Вице-президенті

         Марапаттары

  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы;
  • Қазақстан Республикасының Ақпарат саласының Үздігі;

Категория: ,

 

Сапаралиев Жұмабек

Автор: admin от 29-10-2020, 12:00, посмотрело: 200

0

                            Сапаралиев Жұмабек

        Қоғам қайраткері, экономист, ауыл шаруашылық өндірісінің ұйымдастырушысы. 

1959жылы Жамбыл есеп-статистика техникумында оқыды.  

1977жылы Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірді.

1959-1963 Жамбыл облысы кинофильмдерді прокаттау кеңесінде бағдарлама құрастырушы, Свердлов ауданы мемлекеттік статистика бөлімінің инспекторы.

1963-1966 жылы   әскери қатарда қызмет етті.

1966-1977 жылы   Жамбыл облысы статистика бағдарламасында ауыл шаруашылық статистикасы бөлімінің  аға экономисті, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары.

1978-1982ж Свердлов ауданының "Ровненский " кеңшарының бас экономисті.

 1982-1986 жылы облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары.

1986-1993 жылы  Жамбыл облыстық өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.

1993—1994 жылы  облыстық қаржы басқармасының бастығы.

1994-2002жылы Жамбыл облыстық әкімінің орынбасары. "Құрмет Белгісі" ордені  мен медальдарымен марапатталған.


Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine