» Материалы за Октябрь 2020 года » Страница 5

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Шекеева Жанар Азімбекқызы

Автор: admin от 28-10-2020, 15:22, посмотрело: 224

0

                          Шекеева Жанар Азімбекқызы


1966 жылы Свердлов ауданы Суханбаев атындағы ауылда дүниеге келді.

1974-1983 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебін оқыды.

1983-1988 жылдары Алматы Энергетика институтын бітірді.

1988 жылы Тараз қаласындағы кәсіптік училищеге   мұғалім болып орналасты.

1989-1990  жылдары Тараз қаласындағы ГПТУ №4 мастер.

      Қазақстанның атын әлемге танытатын, рухы жоғары, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Мектеп-гимназия өз атына лайық білім мен тәрбие беру жолында көркейіп, дами берсін! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілеймін! Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Категория:

 

Заурбеков Нұрхат

Автор: admin от 28-10-2020, 14:32, посмотрело: 233

0

                  Заурбеков Нұрхат

1967 жылы Мойымқұм ауданы Айдарлы ауылында дүниеге келген.   

1974–1984 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде оқыды.

 1984-1989 жылдары Жамбыл Гидромелиореативтік институтында оқып бітірді. 

1989 жылы Жамбыл облысында автодор инженер болып жұмыс істеді.

 1990 жылдан ТОО Алматы қаласында кәсіпкер. Отбасында 2 ұлы 2 немересі бар.  





Категория:

 

Шаухаров Фазыл Сұлтанқұлұлы

Автор: admin от 28-10-2020, 12:27, посмотрело: 336

0

                      Шаухаров Фазыл Сұлтанқұлұлы

1955 жылы 31 желтоқсанда Жамбыл облысы Байзақ ауданы (бұрынғы Свердлов) ауданының Үлгілі ауылында дүниеге келген.

1962-1972 жылдары аралығында Үлгілі сегіз жылдық мектебін бітіріп, Михайловка (қазіргі Сарыкемер) ауылында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектепті бітірген. 

 1977-1978 жылдары Мойынқұм ауданы, Амангелді атындағы №8 мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған. 

1978-1980ж Свердлов ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

1980ж Үлгілі орта мектебінде Алғашқы әскери даярлық мұғалімі.

1985ж Үлгілі орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

1990-1999 жылдары Үлгілі орта мектебінде директорлық қызмет атқарған.

1999-2006 жылдары Үлгілі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеген.

2006-2013 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

  2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Үлгілі орта мектебінің  директоры қызметін атқарады. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.

Категория:

 

Әзімбаев Мейірбек Бекназарұлы

Автор: admin от 27-10-2020, 15:14, посмотрело: 281

0

                Әзімбаев  Мейірбек  Бекназарұлы

2002 жылы 4 маусымда  дүниеге келді.   

2008-2017 жылдар аралығында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде оқыды. 

2010-2017 жылдар аралығында Кенен Әзірбаев атындағы балалар және жасөспірімдер саз мектебінде домбыра аспабы бойынша білім алды.  

«Атадан қалған асыл мұра» атты конкурстың бас жүлдесінің бірнеше рет жүлдегері.

2011-2015 жылдары 2 дүркін республикалық «жас музыкант» байқауының 1 орынды иегері. 

2016 жылы облыстық «Ақберен» байқауының 1 орын жүлдегері. Семей қаласында өткен «Ақберен» Республикалық жасөспірімдер байқауында  күй орындау номинациясы бойынша 2 орынды иеленді.

2017 жылдың қазан айында Париж қаласында өткен бүкіләлемдік «ЮНЕСКО» клубы ұйымдастырған «Балалар әлем ырғағында» атты жасөспірімдер гала концертіне қатысып, әлемге аты танылған Димаш Құдайбергенов, Сүндет Байғожин, Майра Мұхамедқызы сынды өнер   саңлақтарымен бір сахнада домбырасын күмбірлетіп өз өнерін әлемге паш етіп қайтты. 

Қазір Алматы қаласындағы  П.Чайковский атындағы музыка колледжінде «халық аспаптары» факультетінде оқиды.

Менің қымбатты ұстаздарым! Сіздерді мектептің 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. 

Категория:

 

Баянов Талғат Жұманұлы

Автор: admin от 26-10-2020, 15:02, посмотрело: 289

0

                          Баянов Талғат Жұманұлы

1966 жылы 18 шілдеде Жамбыл облысы  Байзақ ауданы   Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 

       1983 жылы Сарыкемер ауылындағы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебін бітірді. 

       1987-1993 жылдары Жамбыл педагогикалық институтының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығын бітірді. 

       1991 – 1994 жылдар аралығында ұстаздық жолымды Сарыкемер ауылындағы А.С.Макаренко және Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептерінде жұмыс атқарды. 

       1994 – 1996 жылдары Байзақ аудандық маслихатының бас маманы. 

       1996 – 1998 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскері. 

       1998 – 2009 жылдар аралығында Байзақ аудандық мектепаралық оқу - өндірістік комбинатында оқу ісінің меңгерушісі және директор қызметін атқарды. 

       2009 – 2012 жылдар аралығында Алматы қаласы Алатау ауданындағы №152 жалпыға білім беретін мектепте директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 

       2015 – 2016 жылдары Алматы облысы Талғар қаласы «Талғар агро – бизнес және менеджмент» колледжінде бөлім меңгерушісі және директордың оқу - өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары. 

       2016 жылдың 23 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектебінің директоры. 



Категория:

 
 

Табылдиев Ұябай

Автор: admin от 23-10-2020, 15:19, посмотрело: 228

0

Табылдиев Ұябай

            1901-1939 жылы Байзақ ауданында оқу-ағарту ісін тұңғыш ұйымдастырушы, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің іргетасын қалаған, осы мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берген алғашқы ұстаз.

    1901 жылы Сырдария губерниясы Әулие–Ата уезі Мақпал болысының бірінші ауылында дүниеге келген. Бектеміс елінің Қармыс атасынан тараған Табылды ақсақалдың алты ұл, үш қыздың арасындағы кенжесі. Он төрт жасына дейін әке-шешесінің тәрбиесінде болып, ауыл молдасынан дәріс алып, арабша хат таныған. Жаңаша білім алу үшін 

1924 жылы Әулие-Атаға барып, интернатта жатып оқыған. В.И.Ленин атындағы орта мепктептің 5-сыныбына  қабылданып, оны 1927 жылы бітірген. Сол жылы ұлттық мамандар дайындайтын алты айлық курсты бітіріп, іс жүргізуші  дәрежесіне ие болды. 

1927-1931 жылдары Меркі ауданының үшінші ауылында қазақ мектебінің мұғалімі болып істеді. 

1931–1933 жылдары Әулие–Атадағы өлкелік Казпедтехникумда оқып , оны бітіргеннен кейін бірінші дәрежелі оқытушы және балалар үйінің тәрбиешісі мамандығын алған. Содан кейін Тастөбе, Билікөл интернаттарында оқытушы әрі тәрбиеші болып істеп, кейін интернаттың директоры қызметін атқарған.

 1935 жылы Ақыртөбе мектебінде мұғалім болып істеген. Сол жылы күзде «Жасөркен» колхозындағы мектептің директоры болып тағайындалған.

      1938 жылы Алматының пединститутына сырттай оқуға түседі. Келесі жылы жаңадан құрылған Байзақ  (Свердлов) ауданы оқу бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалады. Ауданда оқу-ағарту ісін ұйымдастырып, халық-ағарту саласының алғашқы өкілдерінің бірі болған. Кейін  аудандық партия комитетінің ұйғарымымен аудан орталығы Сарыкемер  (Михайловка) селосындағы тұңғыш  орта мектептің директоры болып тағайындалып, осы мектептің сол кездегі жаңа ғимаратын салдырған.

      1941 жылдың көктемінде аудандық партия комитетіне қызметке ауыстырылды. Көп ұзамай соғыс басталып, 1942 жылы шілде айында әскерге алынады. Саяси қызметкерлер даярлайтын Ташкенттегі алты айлық курста оқып, лейтенант шеніндегі офицер әскери бөлімінің саяси жетекшісі қызметін атқарды. Желтоқсан айының 19 күні   Воронеж облысында Новая Калитва селосының маңындағы 176,2 биіктігін алған кезіндегі болған үлкен шайқаста Ұябай Табылдыұлы  ерлікпен қаза табады. Новая Калитва ортасында орналасқан  совет жауынгерлерінің бауырластар зиратында жерленген. Село маңындағы Миронов тауында  мемориалдық кешені ашылған, онда екі мыңнан астам қаза тапқан жауынгерлердің  аттары жазылған, сол тізімге Ұябай Табылдыұлының атын қосуға да бұйрық берілді.

  2001 жылы Жамбыл облысы Байзақ  ауданының жұртшылығы  халық-ағарту ісіндегі зор еңбегін бағалап аудандық оқу-ағарту кеңсесінің маңдайшасына оның бейне тақтайшасын  орнатты

Категория:

 
 

Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы

Автор: admin от 23-10-2020, 15:07, посмотрело: 251

0

                   Айтымбетова Гауһар Әзімбекқызы

 1968 жылы Свердлов ауданы Суханбаев колхозында дүниеге келген. 

1975-1985  жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің түлегі. 

1985-1990  жылдары Алматы қаласы Қазақ Мемлекеттік қыздар институтының филология факультетін бітірді. 

1990-2000 жылдары Алматы қаласындағы № 43 мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер. Отбасында 2 қыз тәрбиелейді. 

     Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының 80 жылдық мерейтойы құтты болсын. 

Білім ордасы жарты ғасырдан астам уақыт көптеген білімді шәкірттерді баптап, өмірге қанат қақтырған киелі шаңырақ. 

Алтын ұя мектебіміздің, хан сарайына бергісіз ақ ордамыздың 80 жылдық мерейтойы құтты болсын! Қазақстанның көк байрағын биік ұстар азаматтарымыз осы мектептен тәрбиеленіп, даңқы аса берсін! Алда талай белестерге жетіп, асқар шыңдардан аса беруіне шын жүректен тілектеспін!

Категория:

 

Кулбасов Аслан Жалғасбайұлы

Автор: admin от 23-10-2020, 15:05, посмотрело: 342

0

                                               Кулбасов Аслан Жалғасбайұлы

1981 жылы 27 шілдеде   дүниеге келген.

1987 -1992 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебін бітірді.

      1998-2003  жылдары Краснодар қаласындағы әскери – әуе институтында оқыды. 

      2003-2012 жылдары Талдықорған қаласындағы әскери –әуе базасына жолдамамен келіп,  жұмыс істейді.

2012-2013 жылы  Н.Е Жуков және  Ю.А.Гагарин атындағы әскери –әуе академиясының ғылыми орталығына оқуға түсіп, үздік дипломмен бітіреді.

Бүгінгі күні әскери –әуе базасында басшы болып жұмыс атқарады,  әскери шені – подполковник.

Елі мен жерін ардақтайтын, ұлтын ұлықтайтын, қазақ елінің абыройы өрлей түсуіне қызмет ететін азаматтар осы білім ошағынан әлі де көптеп шыға беретініне біз әрқашан сенеміз. 

        Отаншыл, елшіл ұрпақ тәрбиелеуде төккен терлеріңіз жемісті болып, қиыншылығы мен жетістігі қатар жүретін ұстаздық еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!



Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine