» Материалы за Июнь 2025 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«Шебер қолдар» үйірмесінің жұмыстары

Автор: admin от 27-06-2025, 10:07, посмотрело: 14

0 Қол еңбегі бала үшін қызықты, оның дербестікке деген құлшынысын қанағаттандырады өздігінен жұмыс жасау, өзіндік бақылау және шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Қолдан түрлі бұйымдар жасау кезінде балалардың табандылық,мақсаткерлік, зейінділік қабілеттері қалыптасады. Әрекет пен алған нәтиже арасындағы байланыс балаларға түсінікті болады. №1мектеп-гимназия жанынан ашылған "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерьінде «Шебер қолдар» үйірмесі-балалардың шығармашылығын, ақыл ой қызметін, эстетикалық талғамдары мен конструкторлық ойлауын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.




Категория:

 

"Лагерь ханшайымы-2025" іс-шарасы

Автор: admin от 26-06-2025, 13:16, посмотрело: 19

0 №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде "Лагерь ханшайымы-2025" өткізілді. Қатысқан әр оқушы өздерін таныстырып, ән айтып, би билеп, сән үлгілерін көрсетіп өз өнерлерін көрсетті. Қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болып марапатталды.
Мақсаты:Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.




Категория:

 

"Бақытты балалық шақ" атты шығармашылық кеші

Автор: admin от 20-06-2025, 12:55, посмотрело: 17

0 №1 мектеп-гимназиясында 20 маусым күні "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагеріне балалар мен жасөспірімдер орталығының "Бақытты балалық шақ" атты шығармашылық кеші өткізілді. Мақсаты:Демалыс кезінде мектеп жанындағы жазғы лагердегі балаларға ойындар ойнатып, әндер тыңдатып, көңілдерін көтеріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.






Категория:

 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагердің ІІ кезеңнің балалары бассейнге барды

Автор: admin от 19-06-2025, 12:33, посмотрело: 48

0 19 маусым күні №1 мектеп-гимназиясының "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагердің ІІ кезеңнің балалары үшін ерекше күн болды — олар таза ауада, күннің шуағында бассейнге барып, керемет уақыт өткізді! ????????Бассейге 58 бала барды.
Көңілді ойындар, су шашу, жарыстар және шексіз күлкі — осының бәрі балалардың естен кетпес естеліктерінің бір бөлігіне айналды. ????
Біз балалардың жазғы демалысының қызықты әрі пайдалы өтуіне әрдайым мән береміз. Денсаулық, қауіпсіздік және көтеріңкі көңіл-күй — басты басымдықтарымыз! ✅




Категория: ---

 

11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты жиыны

Автор: admin от 19-06-2025, 12:25, посмотрело: 23

0 Бүгінгі күн-түлектер үшін қайталанбас, маңызды да, тебіреніске толы күн! №1мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылында 53 түлек үлкен өмірге қадам басты. Түлектеріміз өз білімі мен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің және ауданымыз бен облыс абыройын, асқақтатуға өздерінің үлесін қосып, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар, түрлі байқауларда жүлдегер атанып, үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде 3 түлегіміз Төлеген Еркежан, Мырзахан Диана және Оғзод Лаура алтын белгі иегерлері атанса, 1 оқушымыз Нұрсұлтан Айгерім ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегерлері атанды. Мектебімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Бітіруші түлектерге мектеп-гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазановна, Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы және сынып жетекшілер ізгі тілектерін айтып, сәт сапар тіледі.




Категория:

 
 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ кезеңінің ашылу салтанатты жиыны

Автор: admin от 16-06-2025, 14:18, посмотрело: 18

0 16.06.2025 ж күні балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ кезеңінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жиында оқушылардың орындауында ән айтылып, би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Жиын соңында демеушілер тарапынан оқушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.



Категория:

 

"Ертегілер елінде" сахналық қойылым

Автор: admin от 10-06-2025, 14:21, посмотрело: 23

0 №1 мектеп-гимназиясында 10 маусым күні "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде "Ертегілер елінде" тақырыбында сахналық қойылым өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ертегілер арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, балалардың қиялын ұштау және жазғы демалыс уақытын мазмұнды өткізуге ықпал ету.



Категория:

 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде музейге саяхат

Автор: admin от 5-06-2025, 14:31, посмотрело: 30

0 №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын дамыту мақсатында музейге саяхат ұйымдастырылды.




Категория:

 

«Біздің ауламыздың ойындары» эстафеталық ойын

Автор: admin от 4-06-2025, 13:20, посмотрело: 30

0 2025 жылдың 4 маусым күні №1 мектеп-гимназиясының "Жас қанат" жазғы лагерінің онкүндігі жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Сұлтанаев мен К.Итагулова


өткізді.
Эстафеталық ойынның мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
Эстафеталық ойынға 5-сыныптар арасынан 5 команда қатысты.
Ойын барысында ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.

Категория:

 
Назад Вперед