2026 жылғы 7 сәуір күні Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының ұйымдастыруымен Сарыкемер гимназия-тірек мектебінің базасында өткен «Ең үздік жүргізуші» атты аудандық байқауда №1 мектеп-гимназиясының 9 а сынып оқушысы Жұмахан Каусар жүлделі ІІ орынды иеленді.
Байқау барысында қатысушылардың шығармашылық қабілеті, сөз саптауы, сахна мәдениеті және жүргізушілік шеберлігі жоғары деңгейде бағаланды. Каусар өзінің тапқырлығымен, еркін сөйлеу мәнерімен және сахнадағы сенімділігімен ерекшеленіп, мектеп абыройын асқақтатты.
Алдағы білім мен өнер жолындағы жетістіктері мол болсын! 



