Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

"Бақытты балалық шақ" атты шығармашылық кеші

Автор: admin от 20-06-2025, 12:55, посмотрело: 15

0 №1 мектеп-гимназиясында 20 маусым күні "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагеріне балалар мен жасөспірімдер орталығының "Бақытты балалық шақ" атты шығармашылық кеші өткізілді. Мақсаты:Демалыс кезінде мектеп жанындағы жазғы лагердегі балаларға ойындар ойнатып, әндер тыңдатып, көңілдерін көтеріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту.






Категория:

 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагердің ІІ кезеңнің балалары бассейнге барды

Автор: admin от 19-06-2025, 12:33, посмотрело: 47

0 19 маусым күні №1 мектеп-гимназиясының "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагердің ІІ кезеңнің балалары үшін ерекше күн болды — олар таза ауада, күннің шуағында бассейнге барып, керемет уақыт өткізді! ????????Бассейге 58 бала барды.
Көңілді ойындар, су шашу, жарыстар және шексіз күлкі — осының бәрі балалардың естен кетпес естеліктерінің бір бөлігіне айналды. ????
Біз балалардың жазғы демалысының қызықты әрі пайдалы өтуіне әрдайым мән береміз. Денсаулық, қауіпсіздік және көтеріңкі көңіл-күй — басты басымдықтарымыз! ✅




Категория: ---

 

11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты жиыны

Автор: admin от 19-06-2025, 12:25, посмотрело: 20

0 Бүгінгі күн-түлектер үшін қайталанбас, маңызды да, тебіреніске толы күн! №1мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылында 53 түлек үлкен өмірге қадам басты. Түлектеріміз өз білімі мен, тәрбиесімен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатыса жүріп, мектебіміздің және ауданымыз бен облыс абыройын, асқақтатуға өздерінің үлесін қосып, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар, түрлі байқауларда жүлдегер атанып, үлкен жетістіктерге жетті. Соның ішінде 3 түлегіміз Төлеген Еркежан, Мырзахан Диана және Оғзод Лаура алтын белгі иегерлері атанса, 1 оқушымыз Нұрсұлтан Айгерім ерекше үлгідегі Үздік аттестат иегерлері атанды. Мектебімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын тапсыру салтанатты іс-шарасы өтті. Салтанатты іс-шараға Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы, ата-аналар, ұстаздар қатысты. Бітіруші түлектерге мектеп-гимназия директоры Жаманова Гульпаш Рамазановна, Байзақ ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы және сынып жетекшілер ізгі тілектерін айтып, сәт сапар тіледі.




Категория:

 
 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ кезеңінің ашылу салтанатты жиыны

Автор: admin от 16-06-2025, 14:18, посмотрело: 17

0 16.06.2025 ж күні балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ІІ кезеңінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жиында оқушылардың орындауында ән айтылып, би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Жиын соңында демеушілер тарапынан оқушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.



Категория:

 

"Ертегілер елінде" сахналық қойылым

Автор: admin от 10-06-2025, 14:21, посмотрело: 23

0 №1 мектеп-гимназиясында 10 маусым күні "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде "Ертегілер елінде" тақырыбында сахналық қойылым өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ертегілер арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, балалардың қиялын ұштау және жазғы демалыс уақытын мазмұнды өткізуге ықпал ету.



Категория:

 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде музейге саяхат

Автор: admin от 5-06-2025, 14:31, посмотрело: 29

0 №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінде оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын дамыту мақсатында музейге саяхат ұйымдастырылды.




Категория:

 

«Біздің ауламыздың ойындары» эстафеталық ойын

Автор: admin от 4-06-2025, 13:20, посмотрело: 29

0 2025 жылдың 4 маусым күні №1 мектеп-гимназиясының "Жас қанат" жазғы лагерінің онкүндігі жоспарына сәйкес дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Сұлтанаев мен К.Итагулова


өткізді.
Эстафеталық ойынның мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру.
Эстафеталық ойынға 5-сыныптар арасынан 5 команда қатысты.
Ойын барысында ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. дене сапаларының көрінуін талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.

Категория:

 

"Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым"

Автор: admin от 4-06-2025, 12:55, посмотрело: 30

0 04.06.2025



ж күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай №1 мектеп-гимназиясында оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында "Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым" тақырыбында іс-шаралар өткізілді.

Категория:

 

"Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты жиыны

Автор: admin от 2-06-2025, 13:21, посмотрело: 44

0 02.06.2025 ж күні балаларды қорғау күніне орай оқушыны жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру мақсатында №1 мектеп-гимназиясында "Жас қанат" жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанатты жиыны өткізілді. Жиында оқушылардың орындауында ән айтылып, би билеп, көңілді ойындар ойнатылды. Жиын соңында оқушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.






Категория:

 
Назад Вперед
бесплатно скачать фильмы без регистрации и скачать DataLife Engine