0

№1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРДЫ
2025 жылғы 18-21 маусым күндері Семей қаласында жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVI Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті. Биылғы байқау ұлы ақын, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылды.

Байқауға Жамбыл облысынан 5 оқушы қатысып, нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I дәрежелі диплом және алтын медалін - 3 оқушы, II дәрежелі диплом және күміс медалін - 2 оқушы иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ СЕРТИФИКАТ ИЕГЕРІ:

АЛЛАМБЕРГЕН ЖІБЕК - Байзақ ауданы,
№ 1 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушысы, «АБАЙДЫҢ АҚЫН ШӘКІРТТЕРІ» Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
Байқауға қатысқан оқушымызды мектеп ұжымының ұстаздары салтанатты түрде қарсы алды.
Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облысының білім басқармасы