» Материалы за Октябрь 2020 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жұмаханұлы Ғалым

Автор: admin от 29-10-2020, 14:57, посмотрело: 231

0

                    Жұмаханұлы Ғалым

1989 жылы 19 мамырда Майтөбе ауылында дүниеге келді.

1999 -2006 жылдары Қазақстанның 40  жылдығы орта мектебінде білім алды.

2004 жылы «Жігіт сұлтаны» байқауының 1 орын иегері. 

2007 жылы әскер қатарында   болды.

2008 - 2012 жылдары ТИГУ университетінде   білім алды. Өз мамандығымен еңбек жолын бастаған.  Сол еңбек жолында талай жетістіктерге  жетті.  

2015 жылы «Отан отбасынан басталады» байқауының «Көрермен көзайымы» марапатына ие болды. 

2017 жылы «Ана тілім-ардағым» байқауына қатысты. Қазіргі кезде ІІД ЖППБ  полиция аға лейтенанты.  Отбасында екі қыз тәрбиелеуде. 

Категория:

 

Құлжанбеков Әскербек

Автор: admin от 29-10-2020, 14:55, посмотрело: 212

0

               Құлжанбеков Әскербек

1954 жылы 23 ақпанда дүниеге келді.

1961-1971 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы мектепте оқыды.

1976-1977 жылы интернатура өтті.

1977-1998 жылдары Байзақ аудандық ауруханасында жұмыс істеді.

1998 жылдан бастап өзінің жекеменшік стоматологиясында   халыққа қызмет етеді.

Мектептің  80 жылдық салтанатты мерейтойында  ұстаздарға, мектеп ұжымына, ХХI ғасырдың жаңа ұрпағын тәрбиелеуде   шығармашылық  табыс тілеймін! 

Біздің Еліміздің болашағы - Сіздердің қолдарыңызда! Сан қыранды самғатқан   киелі қара шаңырақ  80 жылдық  мерейтойың құтты болсын!



Категория:

 

Абдыкулов Кайрат Сатбаевич

Автор: admin от 29-10-2020, 14:53, посмотрело: 336

0

                      Абдыкулов Кайрат Сатбаевич

 1965 жылы Жамбыл облысы Қаратау қаласында  дүниеге келді.

1988 жылы Алматы Мемлекеттік медициналық институтының емдеу ісі факультетінде оқыды. Мамандығы –дәрігер.

        Тараз қаласындағы № 1 қалалық емханасында хирург болып жұмыс атқарды.  Жамбыл облысы Байзақ аудандық ауруханада хирург.

         Жамбыл облысы бойынша дәрі –дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінде бас директордың орынбасыры қызметін атқарды. 

Жамбыл облыстық ауруханада он жылдан астам хирург болды.

2006 жылдың қаңтарынан бастап  Жамбыл облыстық офтальмология орталығының бас дәрігері.

Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру  (валеология, статистика) бойынша жоғары санаттағы білікті маман.

2010 жылы  М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімін алды.



Категория:

 

Табылдиев Кеңесбай

Автор: admin от 29-10-2020, 14:50, посмотрело: 297

0

                 Табылдиев Кеңесбай

    Геология-минералогия ғылымының докторы

1931 жылы  24 сәуірде Жамбыл облысы Тараз қаласында  дүниеге келген.

1939-1946 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің   алғашқы түлектерінің бірі.

1953 жылы Қазақ тау-кен және металлургия институтын ( қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. 

1953–1957 жылдары  Шолақтау   кенішінде геолог.

1957–1976 жылдары  Қазақ КССР-і Ғылым Академиясының геология ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі.

1976–1992 жылдары  Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақтау бөлімшесінде геология факультетінің меңгерушісі,  доцент,  профессор

1996 жылдан ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Геология ғылымдар институтында ғылыми қызмет атқарды. «Закономерности размещения фосфоритоносных формаций Южного Казахстана и перспективы поисков фосфоритов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 

50-ден астам ғылыми жұмыстардың  авторы. 

Категория:

 

Даулетбаев Нұрлан

Автор: admin от 29-10-2020, 14:46, посмотрело: 297

0

                   Даулетбаев Нұрлан

1979 жылы 9 мамырда Байзақ ауданы Сарыкемер  ауылында дүниеге келген. 

1986-1996 жылдары Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде оқыды.

1997 -1999 жылдары   әскери борышын атқарды.

2001-2008 жылдары ҚР Жамбыл облысы бойынша ҰҚК Департаментінде және Алматы қаласында Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Академиясында жұмыс істеді.

2009 жылы   «Күмісбек» шаруа қожалығында жұмыс атқарды.

2010-2014 жылдары    «ТМЗ» ЖШС қызметте болды.

Бүгінгі күні әскери қызметкер.


Категория:

 

Жарымбеков Қайрат

Автор: admin от 29-10-2020, 14:36, посмотрело: 232

0

                  Жарымбеков Қайрат 

                         1979 жылғы түлек 

Қазіргі кезде аяулы мектеп-гимназиямыз республикадағы жас ұрпаққа терең білім беретін, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп, қалыптастыратын және тиімді әдіс- тәсілдерді іздестіретін білім ордасына   айналып отыр. Бұған мектеп басшылығы, ұстаздар қауымы өз үлестерін қосуда.

      Мерей тойдың қарсаңында гимназия ұстаздары мен тәрбиешілерін, ардагер ұстаздарды және оқушыларды     шын көңілімен құттықтаймын! Білімді шәкірттеріңіз көбейіп, еліміздің туын биікке желбірететін азаматтар тәрбиелене берсін! Қасиетті қара шаңырағымыздың рухы биіктеп, ұстаздарымыз аман болсын!

       Келешекте мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақтап, білім саласының алдыңғы қатарындағы оқу орны болыңыздар. 

       Еліміздің Көк туы желбіреп, тәуелсіздігіміз баянды болсын! 

Категория:

 

Аманғозиев Жандос

Автор: admin от 29-10-2020, 14:28, посмотрело: 254

0

                        Аманғозиев Жандос

1985 жылы 24 шілдеде дүниеге келген. 

       1991жылы  Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектебіне 1-ші сыныпқа барды. 

      2002-2005 жылдары  аталған мектепті бітіріп, Теміржол колледжіне түсті. Қазіргі таңда өнер жолында. 

Киелі Жамбыл өңірінен   ойып тұрып орын алып, биікке қол созып, тауменен таласып тұрған Байзақ ауданы № 1 мектеп-гимназиясы биыл сексенге аяқ басты. 

Қасиетті қара шаңырақтың қабырғасы қаланып, түлектері түлеп жатқанына аз да емес, көп те емес, ғасырға жуықтады. Торқалы той құтты болсын! Осы аралықта қаншама ұстаз еңбек етті, білім дәнін екті, қаншама шәкірт қазақи тәрбие мен қазақ тілінің мәйегіне сусындап, қадірін біліп, зердесіне құйып, қоржынын толтырып, ұлы өмірге қанат қақты. 

Алаштың ардақты азаматтары Қазақстанның түкпір-түкпірінде елеулі еңбек етіп, тіліміз бен ұлттық мүддеміздің жанашыры болып жүргенімізге сенімдімін! Міне, мектептің ерекшелігі! Мақтанамыз! 

           Мектептің осы кезге дейінгі жинаған абыройы бұдан әрі де асқақтай берсін! Ұстаздар қауымына мықты денсаулық пен ұшқыр ой, шәкірттерге талмайтын қанат, таусылмайтын  білім тілеймін, болашағы жастардың жарқын болғай! Мерейлі мереке құтты болсын!

Категория:

 

Заурбеков Қайрат

Автор: admin от 29-10-2020, 14:28, посмотрело: 249

0

                       Заурбеков Қайрат

1965 жылы Мойымқұм ауданы Бірлік ауылында өмірге келді. 

1976 жылы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектепке келді.

1982-1987 жылдары осы мектепті бітіріп, Қарағанды қаласындағы Коператив институтында оқыды. Байзақ аудандық Райпотрепсоюзда жұмыс істеді. 

1993-1995 Байзақ аудандық ОРС кәсіп орынында директордың орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Жамбыл аяқ киім фабрикасында құрылыс бөлімінің басшысы. Отбасында 3 бала. 

Категория:

 

Заурбеков Нұржан

Автор: admin от 29-10-2020, 14:24, посмотрело: 256

0

                      Заурбеков Нұржан

1970 жылы Мойымқұм ауданы Жамбыл совхозында  өмірге келді.     

 1977 жылы  Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебіне 1 сыныпқа келді.

  1987 жылы бітіріп, әскери борышын өтеді. 

1992-1997  жылдары әскери борышын атқарып, Қазақ Ұлттық Университетін бітірді. Қазір заңгер болып жұмыс істейді. Отбасында 2 бала.

Категория:

 

Бекбауов Асқар Смайлұлы

Автор: admin от 29-10-2020, 14:21, посмотрело: 375

0

                      Бекбауов Асқар Смайлұлы

          1953 жылы 26 тамызда Байзақ ауданы  Байзақ ауылында дүниеге келді. 1974 жылы Жамбыл педагогикалық институтының математика  факультетін бітірген. 1976 жылғы облыстық спорт мектебінің  түлегі, бокстан спорт шебері.  

1974 -1976 жылдары Байзақ ауданы   М. Маметова атындағы  мектепте математика мұғалімі, 1976-2002 жылдары спорт мектебінде жаттықтырушы болып  еңбек еткен.   16 жыл осы спорт мектебінің директоры болып қызмет атқарған. Жаттықтырған шәкірттері жастар арасында өткізілген Қазақстан біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие болған.

2004-2007 жылдары С.Абланов атындағы мектеп директоры, 2007-2010 жылдары аудандық  білім бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдары аудандық спорт бөлімінің басшысы қызметтерін  абыроймен атқарған. 

2011 жылы  мамыр айынан 2016 жыл 1 қыркүйекке дейін  Н.К.Киікбаев атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарған.        

2011-2016 жылдары  басқарған мектеп ұжымы   жоғары жетістіктермен көрінді.  Осы жылдары  24 оқушы «Алтын белгімен», 7 оқушы ерекше аттестатпен мектепті бітірді. 2015 жыл қорытындысында мектеп облыстағы 10 үздік  ауыл мектебі қатарына қосылды.

2007-2011 жылдары Байзақ аудандық маслихатының,  2012-2016 жылдары   Жамбыл облыстық маслихатының  депутаты болды.

Асқар Смайлұлы педагогикалық еңбектегі жетістігі үшін  Байзақ ауданы әкімінің, Жамбыл облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы Білім және   ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен  марапатталған. 



Категория:

 
Назад Вперед